25 мамыр – жоғалған балалардың халықаралық күні
25 мамыр – жоғалған балалардың халықаралық күні
9 жыл бұрын 4497

Әлемнің көптеген елдері үшін мамыр айының 25-і күні тек соңғы қоңырау күні емес, сонымен қатар, бұл күн – халықаралық жоғалған балалар күні де. Бұл күннің бұлай аталу тарихы АҚШ-тан бастау  алады. Нақтырақ айтқанда, 1979 жылы мектептен үйіне қайтар жолда Эвиан Пейтс есімді алты жастағы бала ұшты-күйлі жоғалған болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланса да одан нәтиже шыққан жоқ. Осы оқиғадан төрт жыл өткен соң АҚШ президенті Рональд Рейган мамырдың 25-і күнін «Халықаралық жоғалған балалар күні» деп жариялады. Бір жылдан соң жоғалған және пайдаланылған балаларды іздеудің ұлттық орталығы құрылды. Халықаралық балалар құқығын қорғау ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, Еуропада жылына орта есеппен 70 мыңнан аса бала (кәмелет жасына толмаған) жоғалатын көрінеді. Ал АҚШ-та шамамен 800 мың бала жоғалады екен. Бұл тек ресми мәлімет.

0 пікір
Мұрағат