200 дінтанушы ғалым терроризм туралы пәтуа шығарды
200 дінтанушы ғалым терроризм туралы пәтуа шығарды
9 жыл бұрын 3135

Пәкістанның 200-ге жуық ғалымдары ислам дінімен еш үйлеспейтін террористік топтар туралы арнайы пәтуа шығарды. Бұл туралы Dawn.com-ға сілтеме жасай отырып e-islam.kz хабарлады.

Лахоре қаласында өткен діндарлар конференциясында ғалымдар жариялаған пәтуада мұндай бүлікшілерді тұқымымен тұздай құрту туралы айтылады. Аталмыш пәтуаны журналистерге Маулана Зияуль-Хак Накшбанд таныстырды.

Ислам ғалымдары ИШИР, Техрик-и-Талибан Пакистан, Аль-Каида, Боко Харам және т.б. лаңкестік ұйымдардың іс-әрекеттері тек қана надандық пен адасу екенін айтты.

Сондай-ақ діндарлар осы аталған ұйымдардың қарулы шабуылдары тек қана жер бетіне бұзақылықты жайып, мұсылман елдеріне бүлік әкелетінін жеткізді.

Пәкістан дін ғалымдарының мәлімдемесіне орай, әскери соғыстарды ұйымдастырып жүрген лаңкес топтардың соғысы ешқандай да жихад ұғымына келмейді әрі тек қана надандық, діни сауатсыздық болып табылады. 

0 пікір
Мұрағат