199 жылға абақтыға жабылды
|
АҚШ-тың шақырылмаған қонағы Мексика аумағында балалар порнографиясын жасап, таратқаны үшін 199 жыл абақтыға жабылды. Өзге елдің аумағына заңсыз жолмен келгенімен қоймай, заңсыз әрекеттерге барған америкалық азамат азат өмірмен осылайша қоштасты. Ол кәмелет жасына толмаған қыздарды аналарының рұқсатымен жалаңаш суретке түсіріп, клиенттерге электронды поштамен жөнелтіп отырған және ақылы сайттарға орналастырған. Бұл жайында «The Sun Daily» ақпарат көзі хабар таратты. Өмір бойы бас бостандығынан айырылып, қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізетін қылмыскерге бұдан бөлек 96 мың доллар айыппұл төлеуге үкім шығарылды. Сондай-ақ, өзінің туған қызын жалаңаш суретке түсіруге көндірген аналар да жауапкершілікке тартылды. Балалар порнографиясымен айналысқан америкалық азаматтың аты-жөні айтылмағанымен оның Мексиканың батысында орын тепкен Колима штатына қарасты Мансанильо қаласында қолға түскені белгілі болды. Сөз реті келгенде айта кетейік, аталған елде балалар порнографиясымен күресетін арнайы қызмет бар. Аталмыш құзыретті органның хабарына қарағанда, соңғы бес жылдың ішінде ғаламтордан кәмелет жасына толмаған мексикалықтардың порнографиясы қамтылған 4 мыңнан аса сайт анықталған.