15 жылдан кейін әлемдегі халал нарығындағы сауда айналымы 10 трлн долларға жетеді
15 жылдан кейін әлемдегі халал нарығындағы сауда айналымы 10 трлн долларға жетеді
9 жыл бұрын 2831

Ресми мәліметке қарағанда, жыл сайын 2,1 трлн доллардан аса «Халал» сертификатына ие болған тауар өндіріледі. Жуырда жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2030 жылға қарай шариғат талаптарына сай өндірілген тауар саудасының әлемдік айналымы 9 есеге артып, 10 трлн долларға жетеді. Inanews басылымының дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда әлем бойынша халал өнімдердің сауда айналымы жылына 500 млрд долларға артып отырады екен. Халал тауарларға сұраныстың артуына мұсылмандар қарасының көбеюі себеп болып отыр. Мәселен, кәрі құрлықтағы мұсылмандар саны қазіргі уақытта 52 млн адамнан асады. Алдағы жиырма жылдың ішінде олардың қарасы екі есе артады. Бұл негізгі себеп болса, сарапшылар екіншісін мұсылман елдерінің экономикасының көтерілуімен түсіндіріп отыр. Тек мұсылман елдерде ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі бөлек елдерде де халал өнімдерге жылдан жылға сұраныс артып келеді. 

0 пікір
Мұрағат