|
12 мың шөлмектен үй тұрғызылды
|
Ресей Федерациясының Челябі облысындағы Течен елді-мекенінің тұрғыны Хамидулла Елшібаев ауданы 99 шаршы метрді құрайтын үй тұрғызу үшін 12 мың шампан шөлмегін пайдаланған. Кірпіш орнына. Оның құрылысына үш жыл кеткен. Осынау өзгеше жобаны баспанаға мұқтаждықтан емес, 2007 жылы қаза тапқан ұлының шыныдан үй салсам деген арманын орындау үшін қолға алған. Қажетті материалды шыны ыдыстарды жинайтын арнайы пунктен әр данасын 1 рублден сатып алған. Шыныдан қаланған екі қабатты үйдің бірінші қабатында асүй, дәліз, төрт бөлме, ал екінші қабатында жатын бөлмесі бар. Бұл жайында metrinfo.ru ақпарат көзі хабар таратты.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады