Туралықта тау сияқты бол!
Туралықта тау сияқты бол!
21 күн бұрын 1390

 Хәкім, дана кісілер "туралықта тау іспетті болу керек" деген. Өйткені, тауды:

  1. От жандыра алмайды. 
  2. Аяз тоңдыра алмайды. 
  3. Жел қозғалта алмайды. 
  4. Сел болса, ағыза алмайды.

Дәл сол сияқты тура жолдағы адам да:

  1. Әлдебіреулер оған жақсылық жасаса, оның жасаған жақсылығы мұны туралықтан ауытқытпауы тиіс.
  2. Әлдекімнен жамандық көрсе, онысы мұны ақиқаттан өзгені айтуға жетелемеуі тиіс.
  3. Нәпсісі мен менмендігі оны Алланың бұйрығынан айнытпауы тиіс.
  4. Дүниенің өткінші нығметтері Құдайын ұмыттырмауы тиіс (Аллаға бойұсынуына тосқауыл болмауы керек)[1].

    [1] «Тәнбиһуль ғофилин».

0 пікір