"Төрт нәрсенің рақаты төрт нәрседе"
"Төрт нәрсенің рақаты төрт нәрседе"
11 ай бұрын 5362
Әзіреті Әли (радияллаһу анһ)

Әзіреті Әли білекті батыр болуымен қатар, білімді дана да еді. Оған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мен ілімнің қаласы болсам, сол қаланың қақпасы - Әли» деген болатын («әл-Хәким, мүстәдрак»). Әзіреті Әлидің дуалы ауыз дана болғандығын одан жеткен көптеген нақыл сөздерінен де ұғынуға болады. Сондай бір нақыл сөздердің бірінде ардақты сахаба былай деген екен: 

 راحة الجسم في قلة الطعام، / Дененің рақаты - аз тамақ ішуде.

وراحة النفس في قلة الآثام / Рухтың рақаты - аз күнә жасауда.

وراحة القلب في قلة الاهتمام، / Жүректің рақаты - аз мән берушілікте.

وراحة اللسان في قلة الكلام / Тілдің рақаты - аз сөйлеуде1.

Радияллаһу анһ!


1Имам Шәукәни бұл сөзді Сәбит әл-Харани есімді бір сәбии дәрігерге тән еткен.

0 пікір