«РАУШАНГҮЛДІҢ ДОСЫ – ТІКЕНЕК»
«РАУШАНГҮЛДІҢ ДОСЫ – ТІКЕНЕК»
4 жыл бұрын 3576
«Раушангүлдің досы – тікенек» Мәуләна Руми. 

Раушангүлге мән беріп қарасақ сабағындағы тікенекті өзіне дос етіп алған сыңайлы. Ол – сабағындағы тікенекпен жақсы қарым-қатынас құруының арқасында мінсіздік пен сұлулық тауып отыр. Яғни, сабағындағы тікенектерге төзуінің нәтижесінде әсем бейнеге және жұмсақ, әрі ерекше бір хош иіске қол жеткізуде.

Адам баласы да түрлі тауқымет пен қиындыққа сабыр-тағат қылар болса, ішкі жан дүниесі тазарып, руханияты бір саты биіктемек. Сол себепті болса керек, Құдай Тағаланың ең жақсы көрген пенделері – өмірде түрлі қиындықтарды бастан өткеріп, өмірдің ыстық-суығына мойымай пісіп жетілген пенделер.

Әзіреті Мұхаммед Әсәд Әрбили деген кісі қандай әдемі айтқан:

«Ғашықтықтың гүлістанына жету жолында тікенектерден қорықпау керек. Мен әрбір тікенектің үстінен жүздеген гүлшанақ (бутон) жинаймын».

«Дәруиштің жеміс бағындағы қиындықтан рақаттық аламын. Жастап жатар жастығымды тікенектен жасасам, түсімде раушангүлді көремін!»[1].


[1] Osman Nuri Topbaş, Hz. Mevlana, Erkam Yayınları.

 islam.kz

 

0 пікір