«ОСЫНДАЙ АДАМДАРҒА ТАҢ ҚАЛАМЫН!»
«ОСЫНДАЙ АДАМДАРҒА ТАҢ ҚАЛАМЫН!»
1 жыл бұрын 4090

Алла Тағала құдси хадисте айтқан екен:

«Ей, адам баласы!

Өлімді айқын түрде көріп тұрып, шаттанатындарға таң қаламын!

Есеп-қисаптың барын анық біліп тұрып, дүние жинайтындарға таң қаламын!

Қабірді анық көріп тұрып, күлетіндерге таң қаламын!

Ақырет өмірін анық біліп тұрып, демалатындарға таң қаламын!

Дүние өмірінің өткінші екенін анық біле тұра, оған сенім артатындарға таң қаламын!

Аузы ғалым, бірақ жүрегі надан адамдарға таң қаламын!

Жүрегі таза еместердің сумен тазарғысы келетініне таң қаламын!

Адамдардың кемшіліктерімен айналысып, бірақ өзінің кемшіліктерін көрмейтіндерге таң қаламын!

Құдайдың оны бақылап тұрғанын біле тұра, күнә істейтіндерге таң қаламын!

Өлерде жалғыз өліп, қабірге де жалғыз қойылып және сұраққа да жалғыз алынатындығын біле тұра, адамдарға байланатындарға таң қаламын!

Ақиқатында менен басқа тәңір жоқ! Және Мұхаммед - менің құлым әрі елшім!»1


1Имам Ғазали: «әл-Мауаъиз».

А. Қасым

0 пікір