Имам Шәфиғидің өмір жайындағы өлеңінен бір-екі шумақ
Имам Шәфиғидің өмір жайындағы өлеңінен бір-екі шумақ
1 жыл бұрын 2829

 دَعِ الأَيّامَ تَفعَلُ ما تَشاءُ

,Қоя бер күндерді, істесін қалағанын 

وَطِب نَفساً إِذا حَكَمَ القَضاءُ

.Егер жазса жазмыш, жаныңды қинама

وَلا تَجزَع لِحادِثَةِ اللَيالي

,Қайғырма болған іске түніменен

فَما لِحَوادِثِ الدُنيا بَقاءُ

!?Дүниелік істерде тұрақтылық бола ма 

...

وَلا حُزنٌ يَدومُ وَلا سُرورٌ

,Жалғасып тұрмайды қайғы да, қуаныш та 

وَلا بُؤسٌ عَلَيكَ وَلا رَخاءُ

.Тарлық та, молдық та мәңгі емес

إِذا ما كُنتَ ذا قَلبٍ قَنوعٍ

,Қанағатшыл жүректің иесі болсаң егер

فَأَنتَ وَمالِكُ الدُنيا سَواءُ

Сенен байлық иесі артық емес*.  

Қазақшалаған Абдусамат Қасым


* Имам Шәфиғидің "Диуанынан" (өлең жинағынан). (Араб тілінде), 

 

0 пікір