«Бір кісіні ауада ұшып жүргенін көрсеңдер...»: Имам Шәфиғидің өсиетінен
«Бір кісіні ауада ұшып жүргенін көрсеңдер...»: Имам Шәфиғидің өсиетінен
11 ай бұрын 6943

Юнус ибн Абдульаълә деген кісі айтады:

«Мен Имам Шәфиғиға былай дедім:

- «Біздің тақсыр (яғни, Ләйс ибн Сәъд) айтушы еді: бір кісіні судың бетімен жүріп бара жатқанын көрсеңдер де, елікпеңдер. Әуелі қараңдар: жүріс-тұрысы Құран мен сүннетке сай ма, жоқ па?!» - деп», - дедім. Сонда Имам Шәфиғи (рахимаһуллаһ):

- Жарықтық келте айтыпты. Егер бір адамның судың үстінде жүргенін және әуеде ұшқаның көрсеңдер, оның ісі Құран мен сүннетке сай ма, жоқ па, анықтамай тұрып, елікпеңдер дер едім, - дейді1. 

Имам Шәфиғидің айтпағы: кім өзін қанша жерден әулиемін, пірмін деп әйгілесе де, тіпті оның әуеде ұша алатындай қасиеті болса да, оның жүріс-тұрысы мен сенімі және айтқандары Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистеріне сай ма, жоқ па, соған қараңдар. Өйткені, ібіліс шайтан да ұша алады. Демек, кісінің әулиелігі оның кереметінде емес екен, Исламға қаншалықты сай, сонысында екен.


1  Имам Шәфиғидің өсиетнамасынан.

0 пікір