Профессор Морис Бюкайдың Исламды қабылдауына түрткі болған Құрандағы ғажайып
Профессор Морис Бюкайдың Исламды қабылдауына түрткі болған Құрандағы ғажайып
2 ай бұрын 3843
Ильдар Мухамеджанов

Атақты хирург Морис Бюкай Францияда христиан отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін ол медицина факультетіне оқуға түсіп, кейін Франциядан тыс жерлерде де танымал хирург атанды. Алайда оның басынан өткен бір оқиға оның өмірін түбегейлі өзгерткен еді.

Француздар археологияға және әртүрлі тарихи жәдігерлерге деген қызығушылықтарымен танымал. 1981 жылы елде социалистік бағыттағы президент Франсуа Миттеран билікке келген кезде француз билігі Мысыр билігіне ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ежелгі Мысыр перғауынының мумиясын беру туралы өтініш білдірді. Сөйтіп, кезінде Ұлы тиран және деспоттығымен танылған перғауындардың бірінің мумиясы Францияға жеткізілді. Құдды тірі перғауын келгендей оны президенттің өзі қарсы алып, оның денесіне мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетілді. 

Мумия салынған саркофаг, құдды шетелдің мемлекет басшысы келген сияқты, ұшақтан бастап, арнайы әзірленген көлікке дейін қызыл кілемнің үстімен тасымалданды. Содан кейін ол «Француз ескерткіштер орталығына» жеткізілді, онда бүкіл бір бөлім перғауынның мумиясын зерттеу үшін арнайы жабдықталған еді және әйгілі археологтар мен хирургтар және анатомистер мумияға әртүрлі зерттеулер жүргізе бастады. Хирургтардың зерттеуін Морис Бюкай басқарды. 

Мамандар мумияны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанда, Морис Бюкай перғауынның неліктен өлгені жайында зерттеулер жүргізіп жатқан еді. Осы бағытта сынақтар жүргізе отырып, Ол оның денесінен теңіз тұзының қалдықтарын тапты, бұл болса, перғауынның теңізде батып өлгендігінің және теңізден шығарылып мумияланғандығының, осылайша денесінің бұзылмай сақталып қалғандығының дәлелі еді. Алайда, Бюқайды тағы бір сұрақ қинады: қалайша бұл дене судан шығарылғанымен, басқа мумияланған перғауындардың денелерінен айырықша толықтай сақталып қалды? 

Бюкай зерттеудің толық нәтижесі төңірегінде жұмыс жасап жатып, оны мынадай сауал маза бермеді: Перғауынның денесі судан шығарылып, бірден мумияланған ба, әлде жоқ па? Осы сауалымен командасындағы әріптестерімен бөліскен кезде, әріптес хирургтың бірі оған: «Бұл тақырыпты қозғамағаныңыз абзал, өйткені, мұсылмандар перғауынды суға батып кетті деп сенеді», - дейді. Бюкай алғашында бұған сенбеді. Өйткені мұндай қорытындыға келе алу үшін, мумияны заманауи жабдықтарды пайдалана отырып зерттеп, әрі оны компьютерлік анализге салу арқылы ғана қол жеткізуге болатынын біледі. 

Басқа бір әріптесі ол мәлімденің Құранда барын айтып, одан бетер састырды. Әріптесі оған мұсылмандар Алланың сөзі деп есептейтін Құран кітапта «перғауынның денесі суға батқаны, қала берді, су астында еш бұзылмай көп ғасыр сақталып қалғаны» туралы баяндалғанын айтып таң қалдырды. 

Содан кейін Букай:

«Егер бұл мумия тек 1898 жылы ғана табылған болса, ал Құран 1400 жыл бұрынғы кітап болса, сондай-ақ, ондаған жыл бойы не мұсылмандар, не әлемнің ғылыми қауымдастығы бұл мумия жайында ештеңе білмеген болса, бұл мәлімет (перғауынның теңізде батқаны жайлы мәлімет) Құранда қайдан пайда болды? Жалпы, мумиялау әдістері ХХ-шы ғасырдың басында ғана, алғашқы рет мумиялардың зираттары табылған кезде ғана белгілі болды емес пе?» -

- деп, өз-өзіне сұрақ қойды.

Бюқай түні бойы перғауынның мәйітінің алдында тұрып, оған қарап, әріптестерінің Құран туралы айтқандарын ойлады және өзі анықтағандай, перғауынның денесі суға батқаннан кейін табылғаны жайында, әрі ол жаңалықтың Құран кітапта бұрыннан айтылып қойғандығын ойлады. Библияда перғауынның Мұса пайғамбарға қысым жасағаны туралы ғана айтылады (яғни, Мұса пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Бірақ онда, перғауынның денесінің тағдыры туралы ештеңе айтылмаған.

«Бұл жағдайды Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 1000 жыл бұрын білгені, ал мен енді ғана біліп тұрғаным мүмкін бе?» -

- деп ойлады ол. 

Сол түнде сұрақтар маза бермей ұйқысыз өткізген Морис Бюкай, Таурат кітабының (Тора, Ветхий зовет) көшірмесін сұрады, алайда, Таурат кітабын оқи келе, таңданысы арта түске еді, себебі Тауратта перғауынның мәйітінің ғасырлар бойы аман-есен сақталатыны туралы ештеңе айтылмаған болып шықты. 

Зерттеу аяқталғаннан соң, мумия әдемі шыны табытқа салынып, Мысырға қайтарылды, бірақ Бюқай бүкіл мұсылмандарға белгілі Құрандағы перғауынның оқиғасы туралы көп ойланды, толғанды, ақыры сол жылдары Сауд Арабиясында өткізілген медициналық конференцияға барады. Онда ол өзінің ашқан жаңалығы туралы, яғни перғауынның денесі суға батқаннан кейін де денесі бұзылмай сақталғанын айтты. Сол кезде, конференцияға қатысушылардың бірі қасиетті Құран кітапты ашып, «Юнус» сүресінің 92 аятын оқыды, онда былай делінген еді:

«Бүгін сенің денеңді, сенен кейінгілерге үлгі (немесе Алланың барлығына белгі) болсын деп, құтқарамыз. Расында, адамдардың көбі аяттарымыздан (белгілерімізден) хабарсыз». («Юнус», 92 аят). 

Осы аят оқылып болған соң, Бұқай орнынан тұрып:

«Мен Құранға иман келтірдім және Исламды қабылдадым!» -

- деді толқып... 

Францияға оралғаннан кейін, Морис Бюкай 10 жыл бойы заманауи ғылыми жаңалықтардың Құран аяттарымен қаншалықты сәйкес келетіндігін зерттеп, соңында - «Құран ғылымға қайшы емес» деген қорытындыға келеді. Ол өзінің зерттеулерінен кейін: «Библия, Құран және ғылым: қасиетті жазбаларды қазіргі заманғы ғылым аясында зерттеу» атты кітап жазып шығарды. Кітабының алғысөзінде былай деп жазды:

«Құранның басқа қасиетті жазбалардан айырмашылығы, Ондағы (Құрандағы) айтылған ғылыми ақпараттар алғашында мені қатты таң қалдырды, өйткені, мен бұрын-соңды соншалықты дәл айтылған көптеген ғылыми мәселелерді кездестірмеген болатынмын. Онда (Құранда) олар анық, айқын жазылғаны соншалықты, қазіргі ғалымдардың жақында ашқан жаңалықтарының айнадағы көрінген көрінісі іспетті. Ал бұл 14 ғасырдан бері бар болып келген кітап!».

Оның бұл кітабы француз тілінен - араб, ағылшын, индонезия, парсы, түрік және неміс тілдеріне аударылып, Батыс елдерінің барлығында дерлік сатылды. 

Дереккөз: islam-today.ru
Аударған: islam.kz

 

0 пікір