Журналистің қойған сұрағына Кэт Стивенстің берген жауабы
Журналистің қойған сұрағына Кэт Стивенстің берген жауабы
10 ай бұрын 5261

ХХ ғасырдың әлемдік деңгейдегі әншілерінің бірі Кэт Стивенс 1977жылы Құран Кітабын оқып, артынан мұсылман дініне өтеді. Сөйтіп аты-жөнін «Юсуф Ислам» деп өзгертеді. Бүгінде жасы 75-ке келген Юсуф Ислам (Кэт Стивенс) алты баланың әкесі, әйелі Фаузия Мубаракпен 1979 жылдан бері ерлі-зайыпты. Лондон қаласында өмір кешіп жатқан жайы бар. Төменде Юсуф Исламның түрік журналистімен болған диалогынан қысқаша үзінді беріп отырмыз.

Кэт Стивенстің мұсылман болғандығының алғашқы жылдарында Түркия еліне сапарлап келеді. Сонда жергілікті БАҚ өкілдері оған Исламдағы төрт әйел алу үкіміне қатысты пікірін сұрапты. 

Журналист:

- Қабылдаған дініңізде төрт әйел алуға рұқсат етілген. Соған не дейсіз? Мұны логикалық тұрғыда қалай қабылдамақсыңыз? Мысалы, сіз бір батыстың зиялы әншісі ретінде Исламның төрт әйел алу жөнін қалай қабылдадыңыз? - деп сұрайды. 

Сонда Кэт Стивенс (Юсуф Ислам):

- Сіз менің бұрынғы күйімді білем деп тұрсыз. Олай болса мен сізге айтайын: мен, мысалы, мұсылман болмай тұрып, қанша әйелмен төсектес болғанымды айта алмаймын! Қаншасы менен бала көтеріп, қаншасы менен бала туғанын да білмеймін! Мен осылай азғын өмір кешіп жатқан тұста сіз маған қайран қалушы едіңіз. Қазір мен, мұсылман болдым. Бір әйелім бар. Екінші әйел алуға ниетім жоқ.

Ендігі жерде, Ислам діні төрт әйелге дейін алуға рұқсат еткен болса, олардың және балаларының жауапкершілігін де еркекке жүктейді. Ал сіз қайран қалып жүрген европада мұндай (Ислам бергендей) жауапкершілік жоқ. Батыста көп адам өзінің әкесінің кім екендігін білмейді. Көп әке өмірден баласын көрмей өтеді...» - деп жауап берген еді1.

Аударған Абдусамат Қасым

 


1  biyografya com/ Cat Stevens

 

 

 

0 пікір