Джесси Арбогэст - қолын көкесі акуланың аузынан тартып алған баланың оқиғасы (оқиға)
Джесси Арбогэст - қолын көкесі акуланың аузынан тартып алған баланың оқиғасы (оқиға)
1 жыл бұрын 4180

2001 жылы, шілденің 6 жұлдызында, жұма күні Флорида жағалауында Джесси Арбогэст (Jessie Arbogast) есімді 8 жасар бала шомылып жүрген еді. Кенеттен оған екі метрлік акула шабуылдап, оның оң қолын жұлып алады. 

Төңіректе жүрген көкесі Вэнса Флозензье байқап қалып, бірден акулаға секіріп, жыртқыш балықтың құйрығынан шап беріп ұстап алады. Акула қанша жұлқынса да, Вэнсеның уысынан шыға алмайды. Ақыры Вэнес үстем келіп, екі метрлік акуланы сыртқа сүйреп шығара алған. 

Сол сәтте жағалау сақшылары да келіп жетіп, Джаред Кляйн есімді сақшы акуланың жағын шоқпарымен (дубинка) ашып көрген. Баланың қолы акуланың көмейінде тұрған. Алайда акуланы өлтірмесе болмайтындығын түсінген олар, акуланы атып өлтірген. Сөйтіп акуланың жағын ашып, медициналық пинцеппен баланың қолын шығарған. 

Баланы Пенсакол атты ауруханаға жеткізіп, онда үш хирург 12 сағат бойы баланың қолын тіккен. Ота жасау барысында 15 литр қан қажет болған деседі. Алайда, көп қан жоғалтуының салдарынан баланың миі зақымданған. Сондай-ақ, оң аяғы да жарақат алады. 


Джессиге ота жасап, қолын тігіп берген хирургтар: Джульет де Кампос, Джека Тайсон (сол жақта) және Иэна Роджерс

Қол жеткізген ақпарға қарағанда, қорқынышты оқиғадан екі жыл өткеннен кейінгі Джессидің халі көңіл қоншытар емес. Арбаға танылып, тамақты түтікше арқылы ғана ішетін болған және сөйлеу қабілеті жоғалған1

Бүгінде Джесси Арбогэста - отыз жаста. Оның қазіргі таңдағы ахуалы жайында ғаламтор беттерінен қажетті ақпарат таба алмадық. 

Дайындаған islam.kz


1  Мәліметтер шетелдік ашық интернет рессурстарынан алынды. (gainesville com т.б.)

0 пікір