Гарвард университетінің профессоры Ислам дінін қабылдады
Гарвард университетінің профессоры Ислам дінін қабылдады
2 ай бұрын 2268
А. Қасым

Генри Классен, атақты дің жасушалары (стволовые клетки) ғалымы исламды қабылдады. 

Әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен бейнебаянда профессордың кәлима келтіріп, мұсылман дінін қабылдап жатқанын көруге болады (бейнебаян төменде беріліп отыр). Бейнебаянды көрген мұсылман жұртшылығы қуанысып, Классеннің шешімін жақсы жаңалыққа балап жатыр. Профессор өзіне "Абдульхақ" деген есім таңдапты. Енді оның есімі - Абдульхақ Классен. "Абдульхақ" дегеннің мағынасы: "ақиқатты көрсетуші Алланың құлы" дегенге саяды.

«Жақсы жаңалық! Профессор Генри Классен ислам дінін қабылдап, «Абдул Хак» деген атқа ие болды. Бұл ғалым медицина ғылымындағы дің жасушаларына қатысты жер бетіндегі ең білгір адам. Ол Гарвард университетінің профессоры» -

- деп жазады шетелдік пікір білдірушілердің бірі. 

Azon Global сайтының хабарлауынша, ғалым «дің жасушаларынан» арнайы дәрі ойлап табуымен танымал. Оның бұл препаратын жақында АҚШ-тың «Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы» мақұлдаған. Оның препараты тұқым қуалайтын соқырлықты емдеуге таптырмас ем деседі.

Профессор мұсылман болу құрметіне биылғы Рамазан айында қол жеткізді. Өздеріңізге белгілі болғандай Рамазан айы мұсылмандар үшін қасиетті ай болып саналады. Ол - Исламның бес шартының бірі.

Генри Классенның Исламға келуі әйгілі американдық белсенді, жазушы және бұрын пастор болған Шон Кингтің мұсылман болуымен пара-пар келіп отыр. Шон Кинг те биылғы Рамазан айының алғашқы күні әйелі екеуінің мұсылман дінін қабылдағандықтарын жариялаған болатын. 

Соңғы жылдары әлемнің атақты адамдарының және жалпы әлем жұртшылығының Исламға бет бұрысы артып жатқанын байқауға болады. Олардың арасында ғалымдар да аз емес. 


 Дереккөз: moroccoworldnews com/ 

 

 

0 пікір