Доктор Сара Хажы - қатерлі ісікке қатысты зерттеулері ең үздік деп танылып, $2,5 миллиондық грантты иеленген Мысырлық мұсылман ғалым әйел.
Сара Хажының қатерлі ісікке қатысты зерттеулері және оның қатерлі ісіктерінің дамуына жыныстық гормондардың әсері туралы ашқан жаңалықтары Германияда 2021 жылы өз саласы бойынша ең үздік деп танылды, деп жазады Надин Таг.
Сара Қажы Мысыр елінде дүниеге келген. Бала кезінде орта мектепте оқып жүргенде анасы қатерлі ісіктен қайтыс болады. Қайғылы жағдайда ғалым өзі былай әңгімелейді:
"Анама қайтыс болғаннан кейін, мен өзімді осы қорқынышты ауруды зерттеуге арнауды шештім."- дейді ол. «Менің арманым шетелде оқуымды аяқтап, ғылыми зерттеулермен айналысу болды, әсіресе қатерлі ісік және онымен байланысты барлық мәселелер қызықтырды".
Каир қаласында Германия университетінің «фармация және биотехнология» факультетін бітіргеннен кейін ол магистратураға түседі. Кейін Германиядағы Гейдельберг университетінде қатерлі ісік төңірегінде докторлық диссертациясын жазып, ойдағыдай қорғап шығады.
Магистрант болып жүрген кезіннің өзінде Сара Хажы бірнеше зертханаларда ассистент болып жұмыс істеді. Осы қызмет саласына етене араласудың нәтижесінде ол, «жыныстық гормондар» мен «қатерлі ісік» арасындағы байланысты зерттеуді ойлайды. Одан бұрын екеуінің ешқандай байланысы жоқ деп есептеліп келген болса, Сара Қажы байланысы барын дәлелдеді.
Гамбург университетінде 10 жыл жұмыс істеп профессорлыққа жеткен ол, көздеген зерттеу нәтижесіне қол жеткізді. Оның зерттеулері эстрогендер мен андрогендер сияқты жыныстық гормондардың - ішек және ұйқы безі сияқты жыныс мүшелеріне жатпайтын ағзаларға тигізер әсеріне бағытталған болатын. Ол зерттеулерінде көбіне әйелдерге көбірек зерделеді. Алайда Сара Хажы адамдарға зерттеу жүргізбес бұрын, жеміс шыбындары мен тышқандарға тәжірибелер жүргізіп көрді.
Зерттеу нәтижесінде жыныстық гормондардың қатерлі ісіктердің дамуына әсер ететінін анықтады. Бұрын олардың айналасында жыныстық гормондардың жоғары деңгейі байқалған еді, Сара Қажы олардың арасында өзара байланыстың барын дәлелдеді. Бұл әртүрлі ауруларды емдеу әдістерін әзірлеуге септігін тигізеді, өйткені олар (әртүрлі ауралар) пациенттердің дің жасушаларының көбеюіне әкеп соғып, қатерлі ісіктің дамуын тудыруы мүмкін.
Өзінің ашқан ғылыми жаңалығы үшін ғалым 2021 жылы «Ричценхайн премиясына» лайық деп танылды. Аталмыш премия Гейдельберг университетінде «қатерлі ісіктер» саласында жазылған ең үздік диссертацияға беріледі. Германиядағы онкологиялық ауруларды зерттеу орталығына 400 ғылыми зерттеу келіп түскен, оның жетеуі іріктеліп алынған, сол жетеудің ішінде Сара Хажының зерттеуі ең үздік жұмыс деп танылған. Ол сондай-ақ Америкадағы «Хантсман» қатерлі ісік институтынан 2,7 миллион долларлық грантын да иеленді.
Сара Хажы адамдарды салауатты тағам түріне қатты көңіл бөлуге шақырады. Себебі, қазіргі таңда хайуандарға «өсу гормондары» жиі енгізіледі, ал біз олардың етін жейміз, ет арқылы біз де ол гармондарды бойымызға сіңіреміз, ал ол өз кезегінде қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін. Зерттеушінің айтысына қарағанда, бүгінде етті жеуді қойып, вегетариан болғанын, ал жануарлардан алынатын өнімдердің орнына жаңғақ жейтінін айтады.
Дереккөз: Исламосфера