45 жыл шіркеуде қызмет еткен священник Ислам дінін қабылдады
45 жыл шіркеуде қызмет еткен священник Ислам дінін қабылдады
4 ай бұрын 2551
islam.kz

Австралиялық священник Гулд Дэвид (Gould David) Ислам дінін қабылдап, есімін «Дэйв Абдурахман» деп өзгерткен. 

Атақты шіркеу әкейінің жарты ғасыр христиан шіркеуіне қызмет етіп келіп, мұсылман дініне өткені жерлестерін таңқалдырды. Көбі оның мұндай қадамға баруының себебін білгісі келген. 

 

Священник ретінде Гулд Дэвид Австралия христиан қауымдастығының беделіне ие болатын. Ол шын ықыласымен шіркеуге 45 жыл қызмет етіп, өзінің дінге деген беріктігінің арқасында христиандардың құрметіне лайықты болған еді. Христиан жастары оған үлкен құрметпен қарайтын. 

Ислам дініне өтуі

Сөйткен Гулд Дэвид христиан дінін тастап, мұсылман дініне өткені көбісін састырды. Христиан тыңдаушылары түсінбестікпен қабылдаса да, мұсылман қауымдастығы оның бұл қадамын «хақиқатты табу» деп, мұсылмандардың қатарына тағы бір тұлғаның қосылғанына қуанысты.

 

Атақты свещенниктің жарты ғасыр христиан әкейі болып келіп, кенеттен Ислам дінін қабылдауына не түрткі болғанын дөп басып айту қиын. Дегенмен, Гулд Дэвидтің өз сөзінен, біз оның ұзақ ізденіс пен зерттеуден кейін, Ислам дініміздің хақ дін екеніне көз жеткізгенін түсінуге болады. Ол бір сөзінде:

«Құдайлық әлемге деген ізденісім мен Құранды зерттеуім, маған, Құдайылық әлем де, ақиқат та Исламда екенін көрсетті» -

- деп ағынан жарылады.

Атақты шіркеу әкейінің Ислам дінін қабылдауынан кейін көбі Ислам сенімі жайында іздене бастаған. Олардың кейбірі дінімізбен танысуды көздесе, кейбірі 45 жыл шіркеу әкейі қызметінде жүріп Исламды таңдаған Гулда Дэвидті өзгерткен күшті білгісі келген.

Дэвид Абдуррахманның мұсылман болуына тәнті болғандар көп, дегенмен, оның осы бір шешімі австрия қоғамына қалай әсер етер екен деп уайымдайтындар да бар ұқсайды. 

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде тәубе етіп, Ислам дінін қабылдаған кісінің бұрынғы өткен күнәлары кешірілетіндігі айтылады. Сондай-ақ, қасиетті кітапта Алла Тағала қандай да бір пендесін ақиқат жолына салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашып қоятындығын сүйіншілейді:

فَمَن يُرِدِ اللَّهُ أَن يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ ۖ وَمَن يُرِدْ أَن يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقًا حَرَجًا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاءِ ۚ

«Алла кімді дұрыс жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, Алла оның көкірегін ол көкке көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысып тастайды...». (Әнъам сүресі, 125 аят). 

Дэвид Абдуррахманның Исламға келуі осы бір қасиетті аяттың бір көрінісі болса керек. 

Біз өз тарапымыздан Дэвид Абдуррахман мырзаны мұсылман болуымен құттықтап, оған екі дүниенің бақытын тілегіміз келеді! Алла һидаяттан айырмасын! Әмин.

 

0 пікір