Ұйқыға дұрыс жатудың 5 әдебі
Ұйқыға дұрыс жатудың 5 әдебі
7 жыл бұрын 6243

Дәрет алып және оң жақ бүйірге жату. 

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Барра ибн Азиб (р.а.) деген сахабасына былай деген: «Егер төсегіңе жатар болсаң, намазға секілді дәретіңді алып жат. Содан соң оң жақ бүйіріңе жат». (Мүттафақун алейһи)

Ұйқыдан бұрын «Ықылас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін оқу. 

Айша (р.а.) анамыздан: «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр күні төсегіне жатар кезде екі алақанын жайып, соған «Құл һуаллаһу ахадты», «Құл ағузу бираббил-фәлақты» және «Құл ағузу бираббин-насты» оқып дем салатын. Содан соң сол алақандарымен денесінен қолы жететін жерлердің бәрін сипап шығатын. Ең алдымен басы мен жүзінен бастайтын. Содан денесінің басқа жерлеріне ауысатын. Бұл ісін үш рет жасайтын".  (Бұхари, 5017)

 Алла Тағаланы «Аллаһу әкбар» деп ұлықтап, «Субханаллаһ» деп пәктеу. 

Хазрет Әли былай дейді: «Фатима Алла елшісінен (с.а.у.) бір қызметші сұрағанында Пайғамбарымыз(с.а.у.): «Сендерге қызметшіден де қайырлы бір нәрсе айтайын ба? Төсектеріңе жақындап, ұйқыға жатар болсаңдар, Алланы 34 рет ұлықтаңдар («Аллаһу әкбар» деп), 33 рет Алланы пәктеңдер («Сүбханаллаһ» деп), Аллаға 33 рет мадақ айтып, шүкір етіңдер («Әлхамдулилләһ» деп). Міне, осы нәрселер сендерге қызметшіден әлдеқайда қайырлы», - деді. (Мүттафақун алейһи)

  Ұйықтап жатып оянып кеткенде дұға жасау. 

Ъубада ибн Самиттен жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Кімде кім түнде оянып кеткенде «Лә иләһә иллалаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу ләһуль мулку уа ләһульхамду уа һуа ала кулли шаййин қадир. Әлхамду лилләһи уә Сүбханаллаһи уаллаһу әкбару, уә лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһи", содан соң: «Аллаһуммағфирли" десе немесе басқа дұға етсе, Алла оған жауап береді. Егер дәрет алып намаз оқыса, намазын қабыл етеді». (Бұхари, 1154)

  Ұйқыдан тұрғанда дұға ету. 

Хузайфату ибн әл-Йәманнан және Әбу Зәррдан жеткен хадисте былай делінеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) төсегіне жатар болса: «Бисмикәллаһуммә әхйә уә әмуут» («Уа, Алла Тағалам! Өзіңнің атыңмен тірілемін және қайтыс боламын») деп дұға ететін. Ал оянған кезде: «Әлхамдулилләһил ләзии әхйәна баъда мә әмәәтәна уә иләйһин нушуур» («Бізді өлтіргеннен соң қайта тірілткен және бәріміз құзырына қайтатын Аллаға мадақ болсын»), - деп дұға ететін.

 

0 пікір