Шаршаудан арылып, энергияны толықтыру жолдары
Шаршаудан арылып, энергияны толықтыру жолдары
2 ай бұрын 10244

Энергия - сіздің күніңізді тиімді пайдаланудың негізгі ресурсы. Триша Вулфри  өзінің «Максималды энергия» кітабында сізге күш жинауға, қиындықтарды жеңуге және сәттіліктеріңізден толық рақат алуға көмектесетін қарапайым стратегияларды ұсынады.

Ендеше, күнделікті істерге ғана емес, сонымен қатар ең батыл тілектерді жүзеге асыру жолында күш пен жігерді қайдан алуға болатындығын біліңіз.

  1. Жылдам тазалау. Қимылсыз денені жұмылдыру қиын, сондықтан қажет емес нәрселерден арылу-оң энергия ағынымен толығуға және оны өміріңізде сақтауға маңызды қадам болып табылады. Қатты шаршаған сәттерде, тіпті сіздің басыңыз жақсы жұмыс жасамай тұрса, онда ең алдымен үстелдің үсті мен кеңседегі қоқыстардан жылдам арылуға тырысыңыз. Он жағдайдың тоғызында  жылдам тазарту, артық заттарды жинастырып, реттеу сіздің қайта қуатталуыңызға көмектеседі.
  2. Тыныштық. Зейін, назар аудару біздің шындықты қалыптастырады. Егер біз шуылға назар аударатын болсақ, ол барлық зейінді де, энергияны да өзіне сіңіреді. Мұндай жағдайда екі нұсқа бар:

* зейінді, ойды сол нәрседен ажыратыңыз әрі басқа нәрсеге назар аударыңыз;

* құлаққапты киіп, жағымды әуен қойыңыз.

     3. Демалуға қолайлы жатын бөлме

 Электромагниттік өрістер адамға кері әсерін тигізеді әрі енжарлықты, бас ауруын, тітіркенуді, өзін нашар сезінуге ықпал етіп, деменция мен қатерлі ісіктің дамуын тудыруы мүмкін. Егер сізде қуат деңгейі төмен болса әрі өз жағдайыңыздың себебін түсінбесеңіз, электр құрылғыларынан, әсіресе жатын бөлмедегі ноутбуктерден, теледидарлардан, ұялы және стационарлық телефондардан, тіпті электрлі дабыл сағаттарынан арылуға тырысыңыз. Мұның бәрі демалуға қолайлы емес, өйткені, олар мидың жұмысын ынталандырады әрі ұйқыны бұзады, соның салдарынан сіз таңертең шаршап оянасыз. Жатын бөлмеде тек демалу, ұйықтау жағы қарастырылған.

  • 1) «Жоқ» деген сөз

 Егер сіз «жоқ» деп айтқыңыз келген істе де үнемі «иә» дей берсеңіз, бұл жағдайда энергияңыз артық жұмыс есебінен ғана емес, сонымен қатар реніш есебінен де азаяды. Өзін-өзі бағалауыңыз төмендейді. Өзіңіздің қажеттіліктеріңізді басқа адамдардың қажеттіліктерімен қатар құрметтей бастағанда өзіңізді қалай сезінетіндігіңізді елестетіп көріңіз.

  • 2) Идеяларды қалыптастыру

 Оқыту, жаңа идеялар мен бастамалар, жаңа дүниені ашу энергия ресурстарына айналады. Бірақ кінәлау мен сөгіс сезімі жанды қажытады, себебі, онсыз да шектеулі қуат қорлары қателіктерді жабуға кетіп, нашар көңіл-күйді тудырады. Қиындықты қабылдау – дамуға бағытталған жол.

    6. Позитивті сабақ

 Сізді мәселемен жұмыс істегеніңізді және жағымды сабақ алғаныңызды түсіну жігерлендіреді. Біздің әрқашан таңдауымыз бар. Біз жәбірленушінің өмірін өткізе аламыз немесе Жаратушыдан шабыт аламыз, үнемі өсіп, дами аламыз. Бұл мәселеге бағытталған өмір мен шешуге бағытталған өмірдің әрі тоқырау мен прогресс арасындағы айырмашылық.

    7. Анық мақсат қою

 Сіз қол жеткізгіңіз келетін нәрсені жүзеге асыра отырып, өзіңіз қалаған нәрсеге назар аударасыз, сізге қандай кедергілер тұруы мүмкін екенін түсінесіз әрі олармен күресу стратегиясын жасайсыз. Ағымдағы жағдайдың сіздің идеалыңызға сәйкес келмейтіндігін еске түсіретін тілектер нақты қол жеткізілетін мақсаттарға айналады. Нақты мақсат күш, жігеріңізді дұрыс бағдарға  бағыттайды, бұл жалпы түсінік қалыптастырады, өмірлік қоқыстардан, шексіз тапсырмалар мен уақытты қажет ететін сұраулардан арылтады.

 Өміріңізден тұман сейіліп бара жатқандай әсер қалдырады. Сіздің құндылықтарыңыз бен өмірлік мақсаттарыңыз стрессті жеңуге көмектеседі, ынталандырып, жігерлі әрекет етуге итермелейді.

   9. Кешіру

 Кешіру де жаныңызға жігер беріп, өмірлік қуатыңызды арттырады. Сіздің ішкі монологыңызда «Мен оның бұлай еткеніне сене алмаймын» немесе «Мен енді онымен ешқашан сөйлеспеймін» деген сөз тіркестері болуы мүмкін. Кек – өмірдегі ауыр жүк, ал адамдар сол жүкті ғұмыр бойы арқасына көтеріп, әлі де кешіруге құлықсыз...

 Адамдардың біреуді кешіруінің қиын болуының бір себебі: олар сол адамды кешіруге лайық емес немесе кешіру оның мінез-құлқын ақтайды деп санайды. Алайда бұл құқық бұзушыға, яғни, сол адамға, қайта сену керек дегенді білдірмейді (егер бұл орынсыз болса). Сіз өзіңіздің жеке басыңыз үшін кешіресіз, себебі, кешірім сіздің жан дүниеңізге тамаша тыныштық сыйлап, барлығын босатып, өз жолыңызбен, өз жөніңізбен  кетуіңізге мүмкіндік береді, өзіңізге деген көзқарасыңызды өзгертеді. Басқа адамға оларды кешіргеніңізді білудің қажеті де жоқ.

10. Зейінді жаттықтырыңыз

 Зейін дегеніміз - ойдың жоқтығы емес, ол – саналылық, хабардарлық, назарды шоғырландыру, жинақылық. Зейін сіздің ойларыңызды жоққа шығарудың немесе итермелеудің орнына қабылдайды.  Ойларды тоқтатуға тырысу адамды  шаршатады және іс жүзінде мүмкін емес дүние.

 Санаға сансыз ойлар келеді, қайта кетеді, сіз жай ғана назарыңызды тыныс алуға аударып, оған көңіл бөліңіз.  Бұл ойларды бағаламаңыз, оларды белгілеңіз және деміңізді бақылаңыз.  Ойларды бұлт сияқты қабылдаңыз: олар пайда болады және жоғалады. Олармен байланыс жасап, әрбір ойға қадалмаңыз, оларды белгілеңіз және кетуіне рұқсат беріп, босатыңыз. 

 «Максималды энергия» кітабының материалдары негізінде аударылды. 
Аударған: Меруерт Бақдәулетқызы

0 пікір