Салауат айтудың пайдалар
Салауат айтудың пайдалар
7 ай бұрын 2997

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләмға салауат айтудың сауаптылы өз алдына, одан бөлек адамның өз жеке басына да тигізер пайдасы орасан зор. Төменде көп салауат айтудың пайдалары келтірілген:

1) Бір рет салауат айтқан кісінің үш күн бойы күнәсі амал дәптерге жазылмайды. Хадисте былай делінеді: «Кімде-кім маған бір мәрте салауат айтса, Алла Тағала қос періштеге оның күнәсін үш күн бойы жазбауды бұйырады».

2) Көп салауат айтқанның жүрегі нұрланады. Бұған қатысты хадисте: «Кім маған көп салауат айтса, оның жүрегін Алла нұрландырады» делінген.

3) Жолы болмау, тарылу, қайғы-мұң, ақшадан қысылу деген сияқты жағдайларда салауат айтқан жөн. Бұған қатысты Алла елшісі (с.а.у.): «Кімнің жағдайы қиындап, негізгі қажеттіліктеріне қол жеткізе алмай жатса, маған көптеп салауат айтсын. Шынында салауат түйінді шешеді, қайғыны кетіреді және ризықты арттырады» деген.

4) Пейішпен сүйіншіленеді. Бір риуаятта былай делінген: «Кім маған мың рет салауат келтірсе, ол пейішпен сүйіншіленбейінше өлмейді».

5) Уайымды кетіреді. Хадисте былай делінген: «Егер бір нәрсе болмай, қиналып кетсе, маған салауатты көбейтсін. Түйіні (мәселесі) шешіледі».

6) О дүниеде пайғамбарға жақын отырады. Хадисте былай делінген: «Сендердің салауатты көп айтушыларың - маған ең жақын отыратындарың!».

للَّهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ وَبَارِكْ عَلَى سَيِّدِنَا و نبينا مُحَمَّدٍ وعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ

«Аллаһуммә салли уә сәллим уә бәәрик алә сәиидинәә уә нәбиинәә Мухаммәдин уә алә әәли Мухаммәд».


 

Ибн Жәузи: "Бүстәнуль уағизин". 

 

0 пікір