Рамазанда берілетін 5 қасиет
Рамазанда берілетін 5 қасиет
6 жыл бұрын 9132

1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың құзырында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5. Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».

Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз  (с.а.у.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты», – деген».

0 пікір