Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзігінде не жазылған?
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзігінде не жазылған?
9 жыл бұрын 6876 islamdag.ru Фатхул Әллам
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ең кішкентай саусағына күміс жүзік таққан. Ол жүзікте: «Мухаммадун Расулуллаһ» яғни, «Мұхаммед Алланың елшісі» деп жазылған.
Ал, Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) жүзігінде: «Нима әл-Қадиру Алла» яғни, «Алла аса құдіретті» деп жазылған.
Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) жүзігінде: «Кәфа бил мәути уайзан йа Умару», - деген сөйлем жазылған. Бұл дегеніміз: «Уа, Омар! Саған сабақ ретінде өлім жеткілікті» деген мағынаны білдіреді.
Үшінші халифа Осман ибн Аффанның (р.а.) жүзігінде: «Әманту билләһи мухлисан» деген жазу бар. Ол жазу: «Шынайы түрде Аллаға иман еттім» деген мағынаны білдіреді.
Ілімнің қақпасы атанған Әли ибн Әбу Тәліптің (р.а.) жүзігінде мынадай сөз жазылған: «Әл-мулку лилләһ» яғни, «Барлық билік (басқару) Алланың құзырында» деген мағынада.
5 пікір
  • Сүлеймен пайғамбардың жүзігінде "Бәрі де өтпелі" деген сөз болған деседі. Олар қуанышын да, қайғысын да сол бір ауыз сөзбен ауыздықтап отырған көрінеді. Ал қазіргі жастар сақиналарына ғашықтарының есімдерін жазып алуға шебер)))
    9 жыл бұрын
    • Мен де "Бәрі де өтпелі" деп жаздырып алар едім)))
      Мектепте жүргенде әкем тісімді емдетуге апарғанда, дәрігер тісімді шұқылап, қатты қиналып көзімнен жас ағып отырып, өзімнен-өзім бұл да өтеді де кетеді деп жұбатып едім. Содан бері осы сөзді жақсы көрем, әсіресе қиналған сәтте.
      9 жыл бұрын
  • Әжетханаға сондай жүзікпен кіруге бола ма екен?
    9 жыл бұрын