Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабаларының тамақтану әдебі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабаларының тамақтану әдебі
6 жыл бұрын 5013 islam-today.ru
Мұхаммед Юсуф Кандахлауи

Әбу Һұрайра (р.а.) былай әңгімелейді: «Алланың елшісі ас талғамайтын. Тәбеті тартқанда ғана асқа қол созатын».

Омар ибн Әбу Сәләм былай әңгімелейді: «Бір күні Алла елшісімен бірге тамақтандым. Тамақтың етін ғана теріп жей бастап едім: «Тек өз алдыңнан ғана жеуің керек», – деді ескертіп».

Үмайя ибн Әбу Махша былай әңгімелейді: «Бірде Алла елшісі «бисмилләһ», – деп айтпастан бір кісінің табаққа қол салып жей бастағанын байқап қалады. Әлгі кісі тек соңғы түйір асты алып тұрып «бисмиллаһи фи әууәлиһи уә ахириһи», – дейді. Осының бәрін үнсіз бақылаған Алланың елшісі күлімсіреп: «Уаллаһи, бастапқыда шайтан да онымен бірге тамақтанып жатты. Соңында «бисмилләһ», – деп айтылғанда шайтан ішіп-жегенінің бәрін құсты», – деді».

 

Хазірет Алидің біреуге қалай тамақтану керектігі жөнінде айтқан насихаты

Ибн Абәдтің әңгімесі: «Бірде хазірет Али маған: «Уа, Ибн Абәд, тамақтың да хақысы бар, білесің бе?» – деді, мен: «Қандай?» – дедім. Ол: «Бисмиллаһ. Аллаһым, осы берген нығметтеріңе береке бер. Бойымызға құт болсын!» деуің керек», – деді. Сосын мынадай сұрақ қойды: «Ал ас қайырып, ішіп-жегеніңе қалай шүкіршілік етудің жолын білесің бе?» «Қалай?» – дедім мен. «Бізге жегізген және ішкізген Аллаһқа шүкіршілік етемін» деуің керек», – деді».

Хазірет Сәлманның ризық туралы айтқаны

Зәйд ибн Сауханның азат еткен құлы Сәлім былай әңгімелейді: «Бір күні мырзаммен бірге базарға барған болатынбыз. Сол жерде Сәлман Фарисиді кездестірдік. Ол 200-300 қадақ бидай алыпты. Зәйд оған: «Уа, Әбу Абдуллаһ! Сен де осыны істеп жүрсің бе? Сен Алла елшісінің сахабасысың ғой?» – деді. Сәлман: «Нәпсі ризығын алған кезде рақаттанады, ғибадатты сүйіспеншілікпен жасайды, шайтанның азғыруына да ермейді», – деп жауап берді». 

0 пікір