Мұсылмандар үшін жасалатын дұға түрлері
Мұсылмандар үшін жасалатын дұға түрлері
3 жыл бұрын 5179

1) Алла елшісі (ғалейһиссәләм) былай деген:

«Алланың қасында пенденің былай деп дұға жасауынан артық нәрсе жоқ:

اَللّٰهُمَّ ارْحَمْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ رَحْمَةً عَامَّةً

Мағынасы: «Уа, Алла! Мұхаммедтің үмбетіне жаппай рахымыңды төк». (Али әл-Мұттақ: №3212, 3702).

2) Пайғамбарымыз (ғалейһиссәләм) басқа бір хадисінде мүмін-мұсылмандарға истиғфар етіп, жарылқау тілеудің пайдасы жайында былай дейді:

«Кім барлық мүміндердің кешірімі үшін истиғфар жасаса (олар үшін Алладан кешірім тілесе), Алла Тағала ол адамға әр мүмін үшін бір жақсылық жазып қояды». Хадис. ("Һәйсәми").

رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ

"Раббым! Есеп құрылатын күні менің күнәмді, әке-шешемнің күнәсін және мүміндердің күнәсін кеш". (Ибраһим сүресі, 41).

3) Кім садақа беруге шамасы жетпесе, төмендегі дұғаны оқып тұрса, онысы садақа орнына жүреді. Бұған байланысты Алла елшісі (с.а.у.) былай деген:

«Әлдебір мұсылман ер кісінің беретін садақасы болмаса, дұғасында былай деп айтсын, онысы ол үшін садақаның орнына жүреді:

اللَّهمَّ صلِّ علَى محمَّدٍ عبدِك ورسولِكَ وصلِّ على المؤمنينَ والمؤمناتِ ، والمسلِمينَ والمسلِماتِ

«Аллаһым! Құлың және Расулің болған Мұхаммедтің есімін асқақтат! Және де мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді, сондай-ақ, мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерді рахымыңа бөле!». (әл-Хәким: «әл-Мүстәдрак»).

4) Сәид ибн Язид былай деп әңгімелейді:

«Аштық жайлаған жылы халифа Әзіреті Омардың (р.а.) киген киімін көрдім. Киімінде тура он алты жамау бар еді... Ол былай деп дұға жасайтын:

«Уа, Құдайым! Мұхаммедтің үмбетін, мен себепті жойып жіберме!». (Ибн Саъд).

5) Маъруф Кәрһи былай дейді:

Кімде-кім әр күні он рет былай десе, Алла Тағала оны Алла достарымен қатар қояды:

اَللّٰهُمَّ أَصْلِحْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ اَللّٰهُمَّ فَرِّجْ عَنْ أُمَّةِ مُحَمَّدٍ اَللّٰهُمَّ ارْحَمْ أَمَّةَ مُحَمَّدٍ

«Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетінің хал-ахуалын дұрыста! Аллаһым! Мұхаммед үмбетінің қиындықтарын жой! Аллаһым! Мұхаммед үмбетіне рахым ет!». (Ебу Нуъайм, Хиля).

6) Ахмед ибн Даххақ былай дейді:

Түсімде (бақилық болған) Шурайх ибн Юнусты көрдім. Мен одан:

- Раббымыз саған қалай мәміле жасады? – деп сұрадым. Ол:

- Мені кешірді және рахым етіп менің сарайымды Мұхаммед ибн Бәширдің сарайының жанына тұрғызды» - деді.

- Неге? Сіз біздің назарымызды Мұхеммед ибн Бәширден дәрежелі едіңіз? – деп сұрадым таңданып. Ол:

- Олай айтпа. Алла Тағала оған бүкіл мүміндердің істеген ізгі істерінен нәсібін берді. Өйткені ол Аллаға дұға жасағанда былай дейтін болған:

اَللّٰهُمَّ اغْفِرْ لِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْكَائِنِينَ مِنْهُمْ

«Уа, Раббым! Барлық мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді, мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерді және олардан пайда болған ұрпақтарын кешіре гөр!» - дейтін». (Әбу Нуъайм).

7) Алланың достары әулие кісілер үнемі былай деп Аллаға жалбарынатын:

  1. اَللّٰهُمَّ اغْفِرْ أُمَّة مُحَمَّدٍ
  2. اَللّٰهُمَّ ارْحَمْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
  3. اَللّٰهُمَّ انْصُرْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
  4. اَللّٰهُمَّ احْفَظْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
  5. اَللّٰهُمَّ اجْمَعْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
  6. اَللّٰهُمَّ أَصْلِحْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
  7. اَللّٰهُمَّ فَرِّجْ عَنْ أُمَّة مُحَمَّدٍ
  • Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетін кешір.
  • Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетіне рахым ет.
  • Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетіне жәрдем ет, жеңісіңді сыйла.
  • Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетін қорғап, қорғашта.
  • Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетіне бірлік, ынтымақ бер.
  • Аллаһым! Мұхаммедтің үмбетінінің қиындықтарын жой. (Әбу Нуъайм: «Хиля»)[1].

[1] Дереккөз: www.islamveihsan.com. Қазақша дайындаған: islam.kz

0 пікір