«Менің атым Еждар»: Түркияда бір төбет ит адамша сөйлей бастаған (видео)
«Менің атым Еждар»: Түркияда бір төбет ит адамша сөйлей бастаған (видео)
4 күн бұрын 3645

Түркия елінде адамша сөйлей бастаған ит жұртты таң қалдырды. Түркия елінің Эрзурум қаласына қарасты Олур ауданында Фикрет Темірші есімді азамат төбет итінің адамша сөйлей бастағанын байқаған (видео).

Иттің бастапқы есімі «Азман» болған екен. Күндердің бірінде итімен тауда кезіп жүрген кезінде, қасындағы Фикреттің кішкене немересі оның атын «Еждер» деп қойсақ қалай болады деген өтініш білдіріпті, алайда атасы Фикрет иттің атын өзгертуді жаман ырымға балап, ескі атымен қалдыруды жөн санаған. Содан күндер өтіп, иттің егесі (Фикрет) байлаулы итіне келіп: «Азман, қал қалай? Не істеп жатсың?!» - деп, итінің жағдайын сұрағансыған. Алайда сол мезетте иті басын шайқап:

- «Менің атым Еждар!» дегенін естігенде таң қалған егесі дереу телефонына түсіріп, ғаламторда тарап кетеді. Ол жайында жергілікті ақпарат көздері жарыса жазады.

Расында да видеоға құлақ түріп тыңдасақ төбет иттің «Менің атым Еждар» деп тұрғанын анық естуге болады.

Жергілікті БАҚ өкілдері сол төбетке арнап арнайы репортаж да жасаған. 

Мұның сыры не десеңіз, оның сырын хадис шәрифтерден табуға болады. Хадис шәрифтерде айтылғаны - қиямет қайым жақындағанда аңдар, жануарлар адамша сөйлей бастайды делінген. Ол хадис Имам Тирмизидің «Сүнәнінда» келтірілген. (Сүнән - хадис жинағы). Сахаба Әбу Саъид әл-Худри (р.а.) былай деп Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сөзін жеткізеді: 

(والَّذي نفسي بيدِهِ لا تقومُ السَّاعةُ حتَّى تُكلِّمَ السِّباعُ الإنسَ ، وحتَّى يكلِّمَ الرَّجلَ عذبةُ سوطِهِ ، وشراكُ نعلِهِ ، وتخبرَهُ فخِذُهُ بما أحدثَ أَهلُهُ بعدَهِ (صحيح الترمذي

«Жаным қолында болғанға ант етейін, аңдар адамдарға (адамша) сөйлемейінше және кісінің қамшысының сабы мен аяқ киімінің бауы оған тіл қатпайынша, әрі оның жамбасы ол кеткеннен соң үйінде оның отбасы (немесе әйелі) не істегені жайында баяндап бермейінше қиямет қайым болмайды». Тирмизи, "Сүнән".

Аталмыш бейнебаяндағы жағдай хадистегі айтылған мәліметтің тірі мысалы және ол Алла Тағаланың пенделеріне "заманның ақыры" жақын қалғанына ескертуі іспетті болып жатса, ғажап емес. Алла Тағала тауфиқтан айырмасын! Уа ахиру даъуана әнильхамду лилләһи Раббиль аләмин.

 islam.kz


 

0 пікір