Жеміс-жидекті тез әрі ысырап етпей кесудің оңай тәсілдері (фото, видео)
Жеміс-жидекті тез әрі ысырап етпей кесудің оңай тәсілдері (фото, видео)
9 жыл бұрын 11212 adme.ru, youtube.com

Алла Тағала Адам баласының игілігі үшін қажетті нәрсенің барлығын жаратты. Сондай игі нығметтердің қатарында жеміс-жидектердің алар орны ерекше. Жеміс-жидектер дәрумендерге бай, жеңіл болғандықтан адам одан көбірек жесе пайдалы болады. Бірақ, Қасиетті Құран аяттарында: «…Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап етпеңдер, шындығында Алла Тағала ысырап етушілерді сүймейді» ("Ағраф" сүресі, 31-аят) деп айтылғандай ысырап жасаудан сақтанған жөн. Осыны ескеріп, жеміс-жидектер мен көкөністерді тез әрі ысырап етпей кесіп жеудің, дастарқанға қоюдың тиімді тәсілдерін көрсететін боламыз. 

Кез келген жемісті кесерде пышақ немесе кесетін құралдың өткір болуы маңызды. Пышақ өткір болмаса адам қанша жерде епті болса да, жемісті қабығынан тап-таза етіп арши алмайды. 

 

Қарбыз кесу
Қарбыз - жаз мезгілінде көп желінетін жеміс. Өзіміз білетін бұл көкөністі барлығымызда кесе аламыз, тіліп жей аламыз дейтін шығар. Бірақ, біз сіздер ойлағаннан да тиімді әдісті назарларыңызға ұсынамыз. 

 
Ананас кесу 
Ананас - қабығы мен шырыны қабыса өсетін жеміс. Оны кесерде ептілік танытпаса, онда тәтті жерінің көбісі қабығында қалып қоюы мүмкін.  
 
Қызанақ кесу
Қызанақ та күнделікті өмірімізде көп тұтынылатын көкөністің бірі. Қазір, қызанақты тураудың өзгешелеу тәсілін көрсетеміз. 

  

Сарымсақты қалай тез аршуға болады?
Сарымсақ әртүрлі болады. Бірі бостау болса, енді бірі тығыз, қатты болады. Яғни, бөліктері бір-біріне тығыз немесе әлсіз орналасуы мүмкін. Назарларыңызға сондай әлсіз байланысқан сарымсақты тез аршудың тәсілін ұсынамыз!
 
Болгар бұрышын (паприка) тез әрі таза етіп қалай кесуге болады?
 
Киви мен манго

 

Бұл авокадо деген жеміс

  
Апельсин мен мандарин 
 
Анарды қалай оңай кесуге болады? 
 
Жасыл лимоннан соңғы тамшысына дейін шырынды қалай сығып алуға болады?
 
Біз тортты дұрыс кесіп жүрміз бе?
Көбіміз торт алғанда барлығын бір сәтте жей алмаймыз. Сондықтан, артылып қалатын жағдайда тортты қақ ортасынан тіліп аласыз да, қалған бөлігін бір-біріне қайта беттестіресіз. Сонда торттың шеті қаязып, қатып қалмайды.

2 пікір
  • Ассаламу алейкум Бауырлар! Мен басқа жемістерді калай союды білмейді екенмін. Бірақта Қарбызды дәл осылай сою Қарбыз өсіріп(баптап) жатқан Қазақ елі үшін жат деп ойлаймын. Ал ауылдағы Қазақтар қарбызды Бисмилләмен сойып, тіліктеп немесе кеселеп жейді. Тіліктеп жегеннен тек кабығы ғана калады. Ал кеселеп жеген қарбыздың қалдығымен біздер тауық деген үй жануарымен бөлісеміз-:). Тауық өз жумысын бітіргеннен соң, қалған қалдығы үйдегі малдардың(қошқар, бұқа) тамағына айналады.
    Ал егер қала Қазақтарына келер болсақ: Өзі қымбат, әрі сағындырып келген жаз айындағы дәмді сусынды білетін жандар өздері үшін қалдықсыз жейді деп ойлаймын.
    9 жыл бұрын
  • Ассалямуалейкум! Алла разы болсын!
    9 жыл бұрын