Душанбеде Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі ашылды (Фото, видео)
Душанбеде Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі ашылды (Фото, видео)
11 ай бұрын 3193

Тәжік елінің астанасы Душанбеде көлемі жағынан Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің қатарына енетін мешіт бой көтерді. Ресми ашылуы 8 маусымда жүзеге асқан. Ашылуына Тәжікстан елінің президенті Эмомали Рахмон және Қатардың әмірі Шейх Тамим ибн Хамад қатысты. 


(Фото: asiaplustj.info)

Мешіттің алаңы 12 гектарды құрайды. Мешіт ғимараты 3 гектарлық жерге орналасқан. Үш үлкен кіреберістен тұрады.

 
(Фото: asiaplustj.info)

Мешіт төрт биік мұнарадан және екі шағын мұнарадан тұрады. Үлкен мұнаралардың биіктігі - 74 метр, кішісінің биіктігі - 21 метр. Сондай-ақ, бір үлкен және он жеті кіші күмбезі бар. Үлкен күмбездің биіктігі - 43 метр. Кіші күмбездердің биіктігі - 35 метр. 


(Фото: asiaplustj.info)

Мешіт ішінде 6 үлкен дәрісхана, қонақтарды қабылдауға және мәжіліс өткізуге арналған зал, 2 кітапхана, 9 оқу кабинеті, 3 қонақүй, асхана және техникалық бөлмелер бар. Мешіттің алаңында төрт мың көлікке арналған автотұрақ орналасқан.


(Фото: asiaplustj.info)

Мешіттің аумағында бір мезгілде 133 мың адам намаз оқи алады. Оның 43 мыңы мешіттің негізгі залында, қалғаны - мешіттің өзге жерлерінде.  (Фото: asiaplustj.info)

Мешіттің құрлысына 100 миллион доллар жұмсалған. Оның 70%-ын Қатар елі, қалған 30%-ын жергілікті өкімет құйған. 


(Фото: rus.ozodi.org/)

Мешіт Имам Ағзам Әбу Ханифаның атымен аталады1.


Мәліметтердің дереккөздері:
https://asiaplustj.info/ru/
https://ru.wikipedia.org/wiki/
https://rus.ozodi.org/a/32450542.html   

Дайындаған: islam.kz 

  

0 пікір