Дәретханада дұрыс отырып жүрміз бе?
Дәретханада дұрыс отырып жүрміз бе?
9 жыл бұрын 11064
Нұрқанат Байзақ

"Ұлы сөздің ұяты жоқ" демекші, біз сіздерге әжетханада қалай дұрыс отыру керектігі жайында аз-кем кеңес айтпақпыз. Негізінде әжетханада отырудың тәртібін исі мұсылман баласы жақсы біледі. Себебі, әжетханада жүрелеп отырғанда оң тізесін көтеріңкіреп, сол аяғын басыңқырап отыру - сүннет. Бәйһақидің хадис жинағында келген бір хадисте  Сурақа ибн Жағшам былай дейді: «Бізге әжетханаға кіргенде салмағымызды сол аяғымызға салып, оң аяғымыздың тізесін тік ұстауымызды үйретті».[1] 

Әжетханада бұлай отырудың дұрыс екендігін қазір әлем дәрігерлері мойындап отыр. Мойындағанымен қоймай, осылай отыруға үндеп дабыл қағуда. Тіпті, суреттерімен көрсетіп, әлеуметтік желілерде кеңінен таралуына үлес қосуда. 

1-сурет

35 градус қалыпта отырсаңыз бәрі де басқаша болмақ (2-сурет). Жеңіл түрде өтеді. 

2-сурет

"Бірақ, қазіргі унитаздар мұндай отырысқа ыңғайлы етіп жасалмаған ғой" деуіңіз мүмкін. Егер де аяғыңыздың астына кішкентай орындық қойсаңыз, дұрыс отырған боласыз (3-сурет). Денсаулықтың да бұзылуының алдын аласыз.

3-сурет

 

Көрдіңіз бе, медицина енді ғана дәлелдеп көзі жетіп отырған дәретханада дұрыс отырудың тәртібін ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

[1] Байһақи - №418-хадис. А.Қасым, "Әжетхана әдебін жақсы білесіз бе?".

6 пікір
  • 5
    9 жыл бұрын
  • тың мәлімет, қажетті дерек, өте орынды қозғалған мәселе
    9 жыл бұрын
  • Қызық екен)))
    9 жыл бұрын
  • Мұсылман ғалымдары отыруғада ыңғайлы, дәрет оңай алынатын унитаздар ойлап тапса, бәріде басқасы үшін алмасада, денсаулығының дұрыс болуына алаңдауы себепті алатын еді. Болашақта мұсылмандардан дінмен ғылымды ұштастырып, құранды терең зерттейтін ғалымдар шығып жатса Инш Алла біз күтпеген не түрлі жаңалықтар дүниеге келетінін анық...
    9 жыл бұрын
  • Бурынгы еденмен денгейлес унитаздар дурыс болады,Оте пайдалы кенес екен,рахмет!
    9 жыл бұрын
  • Ауылда тұратын болған соңба, әйтеуір кішкентай кезімнен осы унитазға отыра алмаушы едім, дурыс екен ғой үстіне шығып отыратыным)) Бірақ сынып кету кауіпі бар
    8 жыл бұрын