Бір бағалы зат жоғалғанда оқылатын дұға бар ма?
Бір бағалы зат жоғалғанда оқылатын дұға бар ма?
6 ай бұрын 3977

Бағалы бір затын жоғалтқан мұсылман дәрет алып келіп, екі рәкәғат намаз оқиды да артынан мына дұғаны айтады:

 يَا هَادِيَ الضَّالِّ، وَرَادَّ الضَّالَّةِ ‌ارْدُدْ ‌عَلَيَّ ‌ضَالَّتِي بِعِزَّتِكَ وَسُلْطَانِكَ فَإِنَّهَا مِنْ عَطَائِكَ وَفَضْلِك

«Йә, Һәдияд-Доолли уә Рооддәд-Доолли! Урдуд аләйя Доолләти биъиззәтикә уә султоникә, фәиннәһә мин ато-икә уә фадликә».

Мағынасы: «Уа, адасқанды тура жолға салушы! Уа, жоғалғанды қайтарушы! Өзіңнің күш-құдіретіңмен және шексіз салтанатыңмен жоғалтқан затымды қайтара гөр! Шынында ол зат Сенің сыйлығыңнан және сенің кеңшілігіңнен!»1.


1Ибн Әби Шәйбә: «әл-Мұсаннаф». Сахаба Абдулла ибн Омардан жеткен риуаят.

0 пікір