Бақшашы және бір шөкім бұлт
Бақшашы және бір шөкім бұлт
7 ай бұрын 2343

Пайғамбарымыз r Аллаһ жолында жасалған қайырдың (инфәқ) себебінен болған иләһи сыйлықтардың бірін хадисінде былай әңгімеленеді:

«Бір кісі шөлде жол жүріп келе жатады. Кенеттен аспаннан «пәленшенің бақшасын суғар» деген дауыс естиді. Басын көтеріп қараса, көкте тек қана бір шөкім бұлт қана бар екен. Иә, ол дауыс бұлттан шығып жатты. Әлгі адам таңырқап, бұлттың бара жатқан жағын аңдыды. (Біраздан соң) Тау, тас, жартас жерлерге келгенде бұлт ішіндегі жаңбырын төгіп, төгіп жіберді. Сөйтіп жаңбыр жауады да жаңбыр сулары бір жерге жиналып, арық болып аға бастады. Енді әлгі (осының бәріне куә болып тұрған) кісі сол жиналған судың қалай қарай ағатынын аңди бастады. Алдынан бір бақша шықты. Су сол бақшаға ағып бара жатыр екен. Бір кісі қолына күрегін алып судың басын олай, бұлай бұрып, бақшасын суғаруға кірісіпті. Әлгі кісі онымен тілдесуге бел буады:

- «Ей, Алланың пендесі! Атың кім болады?» – деп сұрады. Ол кісі бұлттан шыққан дауыстың айтқан есімді айтты және неліктен атын сұрап жатқанын сұрады.

- «Жаңа ғана осы маңайда жаңбыр жаудырған бұлтты көрдім, бір дауыс сол бұлтқа сенің атыңды айтып, «Пәленшенің бақшасын суғар!», - деп айтты. Сосын мен бұлттың ізін аңдып отырып, осы жерге келдім. Атыңды сол үшін сұрап жатырмын. Сен қандай амалың үшін Алланың осындай сый-құрметіне қол жеткіздің?"- дейді әлгі адам.

Сонда бақша иесі былай деп жауап береді:

- "Егер қатты қызықсаңыз айтайын. Мына өзіңіз көріп тұрған бақша өнім берген кезінде үштен бір бөлігін бала-шағамызбен жейміз. Үштен бір бөлігін садақа етіп таратамын. Қалған үштен бірін еккенге алып қаламын. Менің істегенім сол ғана" - деді». 

Демек, қаншалықты қайыр (инфәқ) жасасақ, дүниеміз де соншалықты берекелі болады екен1


1  О.Н.Топбаш: «Махаббат бағынан гүл көшеттері».

0 пікір