Алланың нығметтерін неліктен ұмытамыз?!
Алланың нығметтерін неліктен ұмытамыз?!
7 жыл бұрын 3100 fondihlas.ru
Аударған Меруерт Бақдәулетқызы
Алланың нығметтерін неліктен ұмытамыз?!

   Құрылыс алаңында прораб ғимараттың он алтыншы қабатынан бірінші қабатта жұмыс істеп жатқан құрылысшыны өзіне шақырады. Алайда айнала шу мен даңғырға толы болғандықтан, жұмысшы оның шақырғанын естімейді. Прораб құрылысшының назарын өзіне аудару үшін жоғарыдан 10 сом ақша тастайды. Ол дереу ақшаны көріп, қағып алып, қалтасына салып жібереді. Сәлден соң құрылыс басшысы 100 сом ақшаны тағы да биіктен төменге қарай тастап, бақылап тұрады. Жұмысшы тағы да сол ақшаны қалтасына сүңгітіп, түк болмағандай жұмысын жалғастырады. Прораб келесі кезекте 500 сомды жоғары қабаттан бірінші қабатқа лақтырғанда, құрылысшы бастапқыдағы әрекетін қайталайды. Прораб бұл жолы кішкентай тасты алып, құрылысшыға лақтырып жібереді. Жұмысшы осы жолы ғана жоғарыға қарап, бастықтың шақырып тұрғанын көріп, әрі оның тас лақтырғанына қатты ашуланады. 

Мораль

    Айтылмыш оқиға біздің қазіргі өмірімізді айқын көрсетеді...Себебі, Алла Тағала біздің оған жақындағанымызды қалайды, біз болсақ, тоқтаусыз тіршілік пен дүниелік істерден еш босай алмай, Алланы ұмыт қалдырамыз. Алла бізді өміріміздің әрбір сәтінде сан түрлі кішкене сыйлықтармен, содан кейін таудай-таудай нығметтермен қуантады... Біз, адам баласы, осыншама сансыз нығмет, ырызық, несібенің қайдан келіп жатқанын білгіміз де келмей, шүкірсіз түрде ала береміз, алғанның үстіне есепсіз ала бергіміз келеді... Ұлы Жаратушыға ықыласты жүрегімізбен алғыс білдірмей, бұл дүниауи нығметтерді алуды жалғастырамыз... Ал Алла Тағала бізге  ұсақ "тас" жібергенде, яғни, түрлі сынақтар жібере бастағанда ғана оның құдіретін еске алып, сол қиындық шақтарда ғана одан көмек сұрайтынымыз ақиқат.

Алла пенделеріне күллі нығметтерін береді, береді әрі кешіреді!

Ал біз, жұмыр басты пенде, оның тарапынан алуан түрлі игілік пен нығметтің баршасын пайдаланамыз да, Алланың барлық жақсылығын бір-ақ сәтте санадан ұмыт қалдырамыз! Алланың нығметтерін неліктен ұмытамыз?!

Өте өкінішті...

0 пікір