Уайымдама және қайғы-мұңды қу!
Уайымдама және қайғы-мұңды қу!
11 ай бұрын 4942
Аяз әл-Қарани

Бисмилләһир рахманир рахим

Болуы мүмкін нәрселерді уайымдама. Қасиетті Таурат кітабінда мынадай сөйлем бар екен: «Қауіптенген нәрсенің көбі іс жүзінде болмай жатады!».

Оның мағынасы: Адамдардың уайым жеп, қорқып жүрген нәрсенің көбі іс жүзінде болмай жатады. Себебі мақал-мәтелдің бірінде: «адамның басындағы иллюзиялар - көздегі құбылыстардан көп» делінген.

Сондықтан да, егер бір жайсыз хабар естіген болсаңыз, сабыр сақтаңыз, уайымдамаңыз. Өйткені ақпарлар мен болжамдардың көбі негізсіз болып жатады. Ондайда тағдырыңыздағы болатысы дүниені болдырмай қоюшы затқа жалбарынған жөн. Соған тәуекел етіп, ісіңізді соған тапсырғаныңыз абзал:

«Ісімді Аллаға тапсырдым. Шынында Алла пенделерін көруші деді. Алла оны олардың әзірлеген жамандықтарынан қорғады». (Ғофир сүресі, 44).

 Уайымдама. Және де қайғы-мұңды қу!

Мүміннің демалысы - ғапылдығы. (Ғапылдық бейғамдық). Бос уақыт - өлтіруші. Демалыс - іссіздік. Қайғы-мұңға батып, депрессияға түсетін адамдардың көбісі іссіз, бос жүретіндер. Сондықтан, қимылда, істе, айналыс, зертте, зерделе, Құран оқы, тәспі тарт, бір нәрсе жаз, біреудің жағдайын сұрап бар, қысқасы уақытыңды дұрыс пайдалан. Бір минут болса да бос өткізбе. Өйткені, бір күн бос болсаң, саған қайғы мен мұң кіріп алады. Үрейлі ойлар мен азғырынды ойлар мазаңды қашырады. Осылайша шайтанның ойыншығына айналасың1. 


1  Аяз әл-Қарни: «Лә тәхзән!».

Абдусамат Қасым

0 пікір