Қарынды аштыра беретін себептер
Қарынды аштыра беретін себептер
12 ай бұрын 7749 www.elbalad.news/

Қарынның ашуы - тәбиғи жайт екендігі баршаға мәлім. Бұл сезімді барлық тірі махлұқат сезеді. Соның ішінде адам баласы да ол заңдылықтан тысқары қалып қалмайтыны рас. Алайда кейде адамның құлқыны тоймай, нормадан тыс қарны аша беретін кездер болуы мүмкін. Міне бұл пролема.

Егер ұзақ уақыт бойы қарын аштығы тыйылмай, жей бергісі келіп тұратын әдет пайда болса, тамақ мәзіріне және күнделікті өмірлік салтына реттілік келтіргені жөн болады дейді мамандар.

Қарынды шамадан тыс аштыратын себептер

Төмендегі жайттар қарынның шамадан тыс аша беруіне себеп екен.

1). Жеген асында ақуыздың (белок) жеткілікті мөлшерде болмауы. Ақуыздар қарынның аз ашуын тудырады және тоқтықты сездірер гармондарды арттырып, керісінше қарын ашыққанын білдірер гармондар түрінің мөлшерін азайтады.

2). Жеткілікті мөлшерде ұйықтамау. Ұйқының жетерлілігі адам тәбетінің контрольда ұстауға септігін тигізеді. Ұйқы «грелин» гармонын ретке келтіруге көмек береді. Гармондар - тәбетті басатын бірден-бір биологиялық белсенді заттар болып табылады.

3). Тазартылған (рафинированные) көмірсуларды көп қабылдау. Тазартылған көмірсулар целлюлозаны керек етеді. Ол өз кезегінде қандағы қанттың деңгейін төмендетеді. Бұл болса, қарынды аштыра беретін себептерге жатады.

4). Сұйықтықты көп ішу. Сұйықтықтар құрғақ тамаққа қарағанда асқазаннан тез өтетіні белгілі. Соған орай, сұйық тамақтардың аштықты басатын гармондарды азайту қасиеті бар. Бұл өз кезегінде қарыннын жиі аша беруіне алып келеді.

5). Стресс. Стресс денедегі картизолдың деңгейін арттырады. Картизолдың аштықты тудырып, тамаққа деген тәбетті арттыратындығыг дәлелденген.

6). Депрессия мен үрей. Депрессия мен үрей тамақты шамадан тыс жеуге алып келетін сезім.

 

 

0 пікір