Мұңайма, қара бұлттың сейілері хақ! (мотивация)
Мұңайма, қара бұлттың сейілері хақ! (мотивация)
12 ай бұрын 2839

МҰҢАЙМА!

Ауру жазылады.

Қайғы кетеді.

Күнә кешіріледі.

Қарыз өтеледі.

Тұтқын босатылады.

Кеткен адам оралады.

Күнәһар адам тәубе етеді.

Кедей адам байыды!

МҰҢАЙМА!

Төбеңізде төніп тұрған қара бұлттың қалай сейілгенін көрмеп пе едіңіз? Қараңғылықтың қалай тарағанын, гулеген желдің қалай тынышталғанын, дауылдың қалай тыншығанын көрмедіңіз бе? Ендеше, қиын өміріңіз жеңілдік, тар тіршілігіңіз молшылық, ал болашағыңыз бақыт табары сөзсіз!

МҰҢАЙМА!

Күннің ыстық жалының көлеңке өшіреді. Түстің аптап ыстығын себелеп жауған жаңбыр салқындатады. Тісін батырған аштықты ыстық күлше нан басады. Төрт бөлінген түн ұйқысының орнын тәтті ұйқы басады. Сырқаттың сыздауын саулықтың рақаты жояды... Сіздің міндетіңіз, аз ғана сабыр сақтап, бір сәт күту ғана.

МҰҢАЙМА!

Тағдыр мен жазмыштың алдында неше дәрігерлер сасып қалған, неше ділмар даналар әлсіз қалған, неше ғалымдар табандап, неше шайырлар мен би-шешендер бір-біріне қарасқан!..1


1Аяз әл-Қарни: «Лә тәхзан» (Мұңайма). 2002 ж, Рияд. Араб тілінде.

0 пікір