Қызғаныш денсаулыққа қалай әсер етеді?
Қызғаныш денсаулыққа қалай әсер етеді?
1 жыл бұрын 3246

Қызғаныш пен көреалмаушылық миға, өт қабы мен бауырға «шабуыл» жасайды.

Қызғаныш күйзеліс, абыржу мен депрессия симптомдарын тудырады, сондықтан қанға адреналин мен норадреналин өте көп мөлшерде түседі.

Ағзада гормондардың көп шығарылуы қанның бауырда тұрып қалуына сеп болады, ал ол өт қабында өттің дұрыс «өндірілмеуін» тудырады.

Нәтижесінде токсиндердің сыртқа шығарылуы бәсеңдеп, иммунитет әлсірейді, ұйқысыздық пайда болады, қан қысымы жоғарылайды, адреналин мен холестериннің деңгейі артады, асқорыту бұзылады.

Қызғаныш жүйке жүйесін де зақымдайды. 

Әзіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) күншілдіктің кесірі мен кері нәтижесін мына бір хадис шәрифте баяндаған:

"Сендерге алдынғы үмбеттің дерті жұқты. Бұл – күншілдік пен ашу-ыза. Бұлар қырып алушы (жоюшы) дерт. Біліп қойыңдар, шашты қырып тастайды деп тұрғаным жоқ. Бұлар дінді қырып тастайды (адамның дінін жойып тастайды)...".

Әзіреті Мәуләна Руми былай жалғастырады:

"Сен ол жаман қылықты өзіңнің ішкі дүниеңде байқамайсың. Егер байқап, оны көре алатын болғаныңда өзгелерге емес, өз нәпсіңе дұшпан болар едің".

1 пікір
  • Ассалаумағалейкум! Қызғаншақ адамның жай-күйі қалай болады екен? Мысалы даюс адам яғни тым қызғаншақ кісі
    1 жыл бұрын