Құран бағыштау үлгісі
Құран бағыштау үлгісі
8 ай бұрын 71260

Әруақтарға Құран бағыштайтын кісі:

  • Ғұсылды болуы керек. Ғұсылы жоқ жүніп адамға немесе хайыз-нифасты әйелге Құран оқуға болмайды (бірақ оқылған Құранды тыңдауға болады).
  • Ғаурат жерлері жабық болуы керек.
  • Киімдері таза болғаны жөн.
  • Лаж болса, дәретті болғаны абзал. (Дәретсіз де Құран оқып, бағыштай алады).
  • Ер кісілер басына тақия киіп, әйел кісілер жаулықты болғандары әдептен.
  • Құранды әжетхана, монша сияқты лас жерлерде оқымау керек.

Құран бағыштағанда оқылатын сүрелер:

Әруақтарға кез-келген өзі білетін Құран сүрелерін оқып бағыштай беруіне болады. Мысал ретінде, көпшілікке таныс әрі жаттауға жеңіл «Фатиха» мен «Ықылас» сүрелерін келтіріп отырмыз. "Фатиха" сүресі бір рет, ал "Ықылас" сүресі үш рет оқылады.

Құран бағыштау реті төмендегідей:

1. Әғузу билләһи минәш шәйтонир ражим.

2. Бисмилләһир рахманир рахим.

    Әлхәмду лилләһи раббиль ъаләмиин.
    Ар-рахманир-рахиим.
    Мәлики яумиддин.
    Ийәкә нәъбуду уә ийәкә нәстәъиин.
    Иһдинәс сыйротоль мустәқим.
    Сыйротоль Ләзинә Әнъамтә ъалейһим. 
    Ғойриль-мәғдуби ъалейһим уәләд-Дооллиин! 
     (Фатиха сүресі. Бір рет оқылады).

3. Бисмилләһир рахманир рахим. "

    Қуль Һу Аллаһу Ахәд.
    Аллаһус-Сомәд.
    Ләм ялид.
    Уәләм Юләд.
    Уәләм якул-Ләһу күфуән Ахәд". 
    (Ықылас сүресі. Үш қайтара оқылады). 

4. Ықылас сүресін үш қайтара оқығаннан кейін: «Содәқоллаһуль Азим» деп, мына аятты оқиды: 

 «Сүбхәнә Роббикә Роббиль ъиззәти ъамма ясыйфуун. Уәсәләмун аляль мүрсәлиин. Уәльхамду лил-ләһи роббиль ъаләмин».

5. Бұдан кейін: «Иләһи әмин!» деп қол жайып, оқыған Құранның сауабын мархұмдарға бағыштайды. Қазақша Құран бағыштау дұғасы әртүрлі болуы мүмкін. Өрнек ретінде мына бір нұсқаны келтірсек болады: 

«Әлһамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ! Осы оқылған Құранның сауабын Адам ата, Хауа ана және Мұхаммед ғалейһиссәләмның рухына бағыштадым. Және осы үйден Құран дәметкен барлық әруақтардың рухына бағыштадым (егер қабірде оқыған болса: «Осы жерде жатқан барша әруақтардың рухына бағыштадым» дейді). Және де соның ішінде пәленше ұлы, түгеншенің (мархұмның аты-жөні айтылады) рухына бағыштадым. Жатқан жері жәннәт, топырағы торқа болсын. Оның бұл дүниеде біліп-білмей істеген күнәлары болса, Иләһи, өзің кешіріп, рахымыңа бөлегейсің! Раббана Әтинә фид дуниә хасанаһ. Уә филь Ахироти хасанаһ. Уақинә ъазәбәннар!"

8. Сосын «Аллаһу әкбәр» деп, бет сипайды.

Дайындаған: islam.kz

0 пікір