Ораза кезінде ауыздан жағымсыз иістің шығуын алдын алуға арналған кеңестер
Ораза кезінде ауыздан жағымсыз иістің шығуын алдын алуға арналған кеңестер
3 жыл бұрын 17693 kk.ncmhcso.org/

Оразада ас ішілмей тамақ шайналмайтындықтан, ауыз қуысында сілекейдің шығуы азаяды. Нәтижесінде ауыз қуысы құрғап, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Себебі сілекей - ауызда жағымсыз иіс тудыратын тамақ қалдықтарын тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар, сілекейдің құрамында ауыз қуысында бактериялармен күресетін ферменттер де бар. Кейбір зерттеулерде ораза ұстаушының аузындағы жағымсыз иіс, концентрацияның жоғарылауынан туындайды делінеді.   

Ораза кезінде ауыздың жағымсыз иісінен сақтанудың бірнеше әдісі бар, соның ішінде:

1. Тістеріңізді және тіліңізді тіс пастасымен мұқият тазалаңыз

Тістеріңізді күніне екі рет үнемі жуу керек. Бұл тіс пен ауыз қуысын таза ұстаудың бір әдісі. Ораза кезінде тіс тазалауды Сәресі ішкеннен  кейін және түнде ұйықтар алдында жасауға болады. Тістеріңізді мұқият жуғаныңызға көз жеткізіңіз. Тісті жуу барысында тілді де жууды ұмытпаңыз. Тілде гі кейбір бактериялар мен тамақ қалдықтары қалуы мүмкін, оны жуып оны тазалау керек. 

2. Ауыз шайғышты қолданыңыз

Тістеріңіз бен тілдеріңізді тазалаумен қоса, құрамында "спирті" жоқ ауыз шайғышпен шайғаныңыз абзал. Ол ауыздан жағымсыз иіс шығаратын бактерияларды жоюға бағытталған. Құрамында спирт бар ауыз шайғышты ұсынбас едім, себебі ол ауызды құрғатады.

3. Сәресі кезінде су ішіңіз

Сәресі кезінде жеткілікті мөлшерде су ішу - сілекейдің шығуын күшейтеді, демек ауыз қуысының құрғауын да болдырмайды деген сөз. Ауыз қуысуының құрғауы жағымсыз иісті тудырады.

4. Сәресі мен ауыш ашар кезінде жеміс-жидектер мен көкөністерді көбірек жеңіз 

Жемістер мен көкөністер ауыз қуысында сілекейдің бөлінуін арттырады. Ұсынылатын жемістер - алма, алмұрт, апельсин, қауын.

5. Жағымсыз иіс шығарар тағамдардан аулақ болғаныңыз жөн

Кейбір тағамдар, мысалы, сарымсақ пен пияз ауызда жағымсыз иіс шығарады. Сарымсақ немесе пияз қосылған асты жегеннен кейін, оның иісі аузыңызда қалып қоймас үшін тістеріңізді тез арада жууды ұмытпаңыз.

6. Темекіден аулақ болыңыз

Темекінің құрамында никотин бар, ол жағымсыз иісті тудырады. Сонымен қатар, темекі шегу денсаулыққа зиян.  

Егер сіз жоғарыда аталған әдістерді қолданғаныңызға қарамастан, ауыздан жағымсыз иіс кетпесе, тіс дәрігерімен кеңескеніңіз жөн. Ауыз қуысында жағымсыз иісті тудыратын тіс жиегі ауруының т.б. бұзылулар жағымсыз иіс тудыратыны белгілі. Сондықтан, тіс дәрігеріне кем дегенде 6 айда бір рет тексеріліп тұрған абзал.

Алайда, жағымсыз иіс шығу медициналық жағдай салдарынан туындауы мүмкін. Атап айтсақ, асқазан қышқылы ауруы (GERD) немесе гайморит болса. Ондай кезде, азқазан аурулары дәрігеріне немесе ЛОР дәрігеріне жүгінген жөн.

Осы орайда, ардақты Пайғамбарымыздың мына бір қасиетті хадис шәрифін келтіре кетуге рұқсат етіңіздер:

"Мұхаммедтің жаны қолында болған Аллаға ант етейін! Ораза ұстаушының аузынан (ораза ұстағаны себепті) шыққан жағымсыз иіс - Алла алдында мисктің (мускус) иісінен де хош иісті саналады". ("Сахих Бұхари"). 

0 пікір