Нәресте өлімінің себебіне Ислам қалай жауап береді?
Нәресте өлімінің себебіне Ислам қалай жауап береді?
5 жыл бұрын 4838
Данияр АСЫЛБЕКОВ

Қазіргі таңда атынан адам үркитін небір зұлматтардың бірі – кенеттен болатын нәресте өлім синдромы (Синдром Внезапный Детской Смерти қысқ. СВДС). Бұл нәрестелерде тыныс алудың тоқтатылуынан бір жасқа дейінгі болатын өлім. Себеп-cалдарына көп ғалымдар анасынынң темекі тартуы мен пассивті темекіні жатқызған[1]. Көптеген шетелдік зерттеулерде ішпен жату баланың ерте өліміне әкелетінін байқаған[2]. Бірақ нақты себебі әлі де болсын анықталмады. Бүкіл әлем педиатр, неанотолог дәрігерлері мен ғалымдары осы бір сұмдыққа бас қатыруда. Сан түрлі болжамдар қарастыруда. Солардың біз талқылайтын тақырыбымызға тұздық болатын болжамдарын сіздерге таныстырайық.

Сол гипотезалардың біреуіне сәйкес, нәресте жатырлық кезеңдегі жағдайын түсінде көреді екен де өкпемен демалу орнына кіндікпен дем алам деп, өкпесі тыныс алуды тоқтатады екен[3]. 

Бұл үдеріс батыс елдері, Таяу Шығыстан яһудилер елінде [4] және кәрі құрлықта көптеп кездеседі. АҚШ-та жылына 7000-9000 аса нәресте осы тажалдан ажал құшады екен[5]. 

Екінші гипотезада, нәрестелерде бұл өлімге деген бейімділік жатырда қалыптасады екен. Бірақ қалай және қашан екені әлі ғылымға белгісіз[6]. 

Әлгі ғылымға белгісіз нәубет әл Мисақтағы оқиғамызды еске салады. «Раббың Адамның бүкіл үрім-бұтағының беліндегі ұрпақтарын шығарып алып, оларды өз-өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» – дегенде, барлығы бірауыздан: «Әлбетте, біз бұған куәлік етеміз!» – деп жауап берді. Біз мұны қиямет күні: «Расында, біз бұдан бейхабар едік», – деп сылтау айтпауларың үшін істедік»[7]. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

مَا مِنْ مَوْلُودٍ إِلاَّ يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ، فَأَبَوَاهُ يُهَوِّدَانِهِ أَوْ يُنَصِّرَانِهِ أَوْ يُمَجِّسَانِه

«Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді», – делінген[8].

Келтірілген Құран-Кәрім аяты мен хадис-шәрифпен нәрестенің кенет ажал құшуын не байланыстырады? 

Неліктен себепсіз кішкентай ғана кіршіксіз жан иесі ажал құшады?

Біздің пайымдауызша әлгі әлем ғалымдары іздеген мәселе, физиологиялық жағдайына байланысты емес, рухани әлемге байланысты екен. 

Бұл нәрестенің оқыстан қайтуын санақтан өткізгенде, Еуропа мен Америка елдерінің тұрғылықты халқында көп кездесетіні анықталды. Әсіресе басқа дін өкілдерінде. Мұсылман емес отбасында туылған шақалақ сол бір отбасының тура дінде жүрмегендігін сезгендіктен дүние есігін аша сала Аллаға кері қайтады-мыс.

Ол бала мұсылман болып туылғанымен болашақта ата-анасы мен отбасының дініне айналатынын сезген. Ол сәби саф алтындай таза өзінің діңгегінен– дінінен айырылмайтындығын, періштедей таза сәби әл-мисақтағы уәдесін бұзғысы келмегендігін дәлелдеген деп болжадық. 

Ал, неге қазақ елінде ондай жағдай тіркелмеген. Себебі оны қазақ ата-дәстүріне шолу жасау арқылы анықтаймыз.

Бала дүние есігін ашқаннан кейін жасалатын ең алғашқы мереке – шілдехана. Мәні нәрестені қорғап, «күзету» деген сенімге саяды. Сондықтан оны «Шілде күзет» деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, қорғау дегеннен туындаған. «Чілле» парсы тілінен аударғанда «қырық» деген мағынаны береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен. 

Ал, әлгі аяқасты ажал (СВДС) зерттеулерде көрсеткендей 2-4 ай аралығында ең көп тіркеледі екен [9]. Бұл мерекеде алыс-жақындардан сүйінші сұрап, туыс-тума нәрестелі үйге «бауы берік болсын» айтып, сыйлықтарын беріп, адал ниетпен Пайғамбар айтқан жарты құрмамен болсын тозақ отынан қорған ұранын жандандыру ырымы.

Дүниеге келгеніне қырық күн толғаннан кейін сәбидің шашы, тырнағы алынады. Алдымен баланы 40 қасық суына жуындырады. Ұрпағы өсіп-өнген қария әже суды баланың үстіне құйып тұрып «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек айтып бата береді. Бұл тойға жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырған ыдысқа «Күні күмістей жарқырап тұрсын» деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі[10]. 

Бұл ырымдар мен жөн-жоралғылар толып тұрған садақа берудің жолдары екен. Садақа – пәле-жаланы жоятын амал емес пе? Алда келе жатқан бәле-жаланың алдын алады. Міне, жиырма бірінші ғасырда, ғылыми-техникалық қарыштау заманында бұл оқиға да Алла Тағала аятының әрі адамзаттың ардақтысы болған Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар хадисінің тылсым сырларынан бір үзінді. 

Дереккөздер:

[1] https://www.papaimama.ru/arts.php?art=smoke

[2] https://n-e-n.ru/sids/.

[3] http://tvoymalysh.com.ua/view/5233.

[4] https://utro.ru/articles/2005/01/20/398553.shtml.

[5] https://en.wikipedia.org/wiki/Sudden_infant_death_syndrome.

[6] http://www.womenhealthnet.ru.2018.

[7] Әғраф сүресі 172 аят.

[8] Табарани

[9] http://www.woman.ru/kids/newborns/article/102553/

[10] https://baribar.kz/43427/balalargha-arnalghan-salt-dasturlerdi-bilesiz-be/

 

0 пікір