ИХСАН ЖӘНЕ МҰРАҚАБА
ИХСАН ЖӘНЕ МҰРАҚАБА
3 жыл бұрын 3229

(*Ихсан және Мұрақаба: кай жерде болса да, қандай жағдайда болса да Алла Тағала оны көріп тұр, істеген істерін бақылап тұр және оның әрбір жағдайын біліп тұр деген ішкі сезім).  

Мүмин өзінің әрдайым иләһи бақылауда жүргендігін сезінуі және осы сезімнің жүректе берік орнығуы деген мағынаға келетін ихсан ұғымы Аллақа жақын құлдардың рухани миғражы болып табылады.

Алла Тағаланың құлдардың әрбір іс-әрекетін көріп тұратындығы және уақыты келгенде оларды жауапқа тартатындығы аятта былай баяндалады:

«Оларға (болған жағдайларды) біліп баяндаймыз. Біз олардан жасырын емеспіз. (Яғни, олардан ұзақ және хабарсыз емеспіз, барлық нәрсеге куәміз)» (Ағраф сүресі, 7-аят).

«(Мұнафықтар) Алла олардың сырларын да, өзара сыбырласқандарын да жақсы білетіндігіне және Аллатың барлық көмескілерді ап-анық білуші екендігіне әлі көздері жетпеді ме?» (Тәубе сүресі, 78-аят).

«(Лұқман) Құлыным! Істеген ісің жақсылық пен жамандық тозаңның салмағындай болса да, бір жар тастың ішінде болсын, мейлі көкте немесе жердің астында болсын Алла оны (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Шынында, Алла ең жасырын істерді көріп, білуші әрі барлық нәрсені толық білуші» (Лұқман сүресі, 16-аят).

Күнделікті өмірімізде бір көздің өзіне қарап, бақылап тұрғанын сезген кісі қате сөз айтудан әрі қандай да бір қателік істеуден өзін тыятыны айдан анық. Бұл өзіне ешқандай жаза бере алмайтын жұп көздің алдында осылай. Тап сол сияқты ихсан дәрежесіне жеткен мүмин де Алла Тағаланың өзін әрдайым көріп тұратынын және не ойлап, не сөйлегенін, яғни істеген әрбір ісін білетінін терең ұғынып жүреді.

Ихсанның келесі бір мағынасы – кез келген іс-әрекетті ең кемел дәрежеде орындау.

Ақтық демге дайындалуда пайдасы тиетін маңызды нәрселердің бірі де осы – ихсан сезімін жүректе орнықтыру. Яғни, Алла Тағаламен әрдайым бірге екендігіңді және иләһи бақылауда жүргендігіңді сезініп, ұғыну. Бірақ та мынаны естен шығармағанымыз жөн, Аллапен бірге болу сезіміне тек Алла Тағаланы өте көп зікір ету арқылы ғана қол жеткізе алмақпыз.

Ихсан мен мұрақаба мәртебелеріне ұласуда жасалатын екінші қадам:

 Алла Тағаланың мына аяттарына ой жүгірту:

«...Қай жерде болсаңдар да, Ол сендермен бірге...» (Хадид сүресі, 4-аят).

«...Біз оған (адам баласына) күре тамырынан да жақынбыз» (Қаф сүресі, 16-аят).

«...Біліп қойыңдар! Алла адам мен оның жүрегінің арасына кіреді...» (Әнфал сүресі, 24-аят).

Расулуллаһ (салл Аллау аләйһи уә сәлләм) бұл жайында:

«Иманның ең жоғарғы мәртебесі қайда жүрсеңде, Аллатың сенімен бірге екенін білуің» деген (Хайсами і, 60).

Аллатың Елшісінің (саллАллаһу аләйһи уә сәлләм) күндіз-түні, қиыншылықта әрі молшылықта, соғыста әрі бейбіт күндерде, яғни әрдайым ихсан сезімінде жүргендігінде еш күмән жоқ. Оның әруақыт зікір етіп жүруі, әрбір әрекеті үшін дұға қылып, мінәжат етуі, әрдайым нәпіл намаз оқуы, түнде аяғы іскенше намаз оқып, қиямда тұруы, құқықтарды орындауда көрсеткен ұқыптылығы, әрдайым әділдік пен хақиқатты уағыздап-насихаттауы сынды ізгі амалдары – Оның ең қуатты ихсан сезіміне ие екендігінің айқын дәлелдері...

Негізінде құлдың ең үлкен бақыты Раббысымен әрдайым бірге екендігін сезінуі. Өйткені, әлемнің Жаратушысы әрдайым құлымен бірге болуды қалайды. Бұл жайында былай дейді:

«Олар тік тұрғанда, отырғанда, жанбастап жатқанда (яғни әрдайым) Аллаты естеріне алады және көк пен жердің жаратылысы жайында терең ой жүгіртеді; «Раббымыз! Сен бұларды құр бекерге жаратқан жоқсың. Сені пәктеп, дәріптейміз. Бізді жәһаннам отынан сақта! (деп жалбарынады)» (Әли имран сүресі, 191-аят).

Алайда, нәпсілік қалауларға жеңілген, жүрекке бағынбайтын ақыл Алла Тағаламен бірге болу ләззатының дәмін тата алмайды. Яғни, ең үлкен ізгілік пен бақыттан қол үзеді.

Ғибадаттардан рахат алып, ләззатқа бөлену, олардан жалықпау тек ихсан сезіміне қол жеткізу арқылы ғана мүмкін болмақ. Жүрегі ихсан сезімінен жұрдай кісі намаз оқыса болды, шаршайды. Намаз оған ауыр тиеді. Егер ол бай адам болса, зекет пен садақа беруден, жоқ-жітіктерге қол ұшын созудан тартынады. Өйткені, ол Аллатың өзін әрдайым бақылап тұрғандығынан ғапыл болғандықтан, иманның ләззатты дәмін татпаған.

Осы тұрғыдан, дұрыс оқылатын намаз, шынайы көңілмен берілетін зекет пен садақа, көңіл құзырымен ұсталатын ораза, махаббатпен орындалатын қажылық, үрей мен үміт арасында болатын сау жүрек, көркем ахлақ және өзге де жақсы дүниелерді ихсанның берекеттері деп айтуға әбден болады.

Негізінде құлдың ең үлкен бақыты Раббысымен әрдайым бірге екендігін сезінуі. Өйткені, әлемнің Жаратушысы әрдайым құлымен бірге болуды қалайды. Бұл жайында былай дейді:

«Олар тік тұрғанда, отырғанда, жанбастап жатқанда (яғни әрдайым) Аллаты естеріне алады және көк пен жердің жаратылысы жайында терең ой жүгіртеді; «Раббымыз! Сен бұларды құр бекерге жаратқан жоқсың. Сені пәктеп, дәріптейміз. Бізді жәһаннам отынан сақта! (деп жалбарынады)» (Әли имран сүресі, 191-аят).

Алайда, нәпсілік қалауларға жеңілген, жүрекке бағынбайтын ақыл  Алла Тағаламен бірге болу ләззатының дәмін тата алмайды. Яғни, ең үлкен ізгілік пен бақыттан қол үзеді.

Ғибадаттардан рахат алып, ләззатқа бөлену, олардан жалықпау тек ихсан сезіміне қол жеткізу арқылы ғана мүмкін болмақ. Жүрегі ихсан сезімінен жұрдай кісі намаз оқыса болды, шаршайды. Намаз оған ауыр тиеді. Егер ол бай адам болса, зекет пен садақа беруден, жоқ-жітіктерге қол ұшын созудан тартынады. Өйткені, ол Аллатың өзін әрдайым бақылап тұрғандығынан ғапыл болғандықтан, иманның ләззатты дәмін татпаған. Осы тұрғыдан, дұрыс оқылатын намаз, шынайы көңілмен берілетін зекет пен садақа, көңіл құзырымен ұсталатын ораза, ғашықтықпен орындалатын қажылық, үрей мен үміт арасында болатын сау жүрек, көркем ахлақ және өзге де жақсы дүниелерді ихсанның берекеттері деп айтуға әбден болады.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Абдуллаһ бин Аббас (ради Аллау анһума) былай дейді:

Бір күні Аллатың Елшісінің (салл Аллау аләйһи уә сәлләм) артына мінгесіп келе жаттым. Ол маған: «Құлыным! Саған бірнеше қағида үйретейін» - деді. Сосын сөзін арықарай жалғастырып:

« Аллатың бұйрықтарын сақта! Сонда Алла та сені сақтайды. Аллатың разылығын барлық ісіңде алдыңғы кезекке қойсаң, Аллаты алдыңнан табасың. Бірнәрсе сұрамақ болсаң, Аллатан сұра. Жәрдем сұрасаң да, Аллатан сұра!..» (Тирмизи, қиямет 59/2516).

Тағы бір риуаятта былай делінген:

« Аллатың әмірлері мен тыйымдарын сақтап жүр, сонда Оны алдыңнан табасың. Молшылық кезде Аллаты танысаң, қиыншылық кезде Ол сені таниды...» (Ахмед і, 307).

Пайғамбарымыз (салл Аллау аләйһи уә сәлләм) жоғарыдағы сөздері арқылы ихсан және оның жемістерін өте тамаша сабақтап берген.

Абдуллаһ бин Омар (ради Аллау анһума) досымен бірге Мәдина аймағындағы бір жерге бармақ болып жолға шығады. Жолда дастарқан жайып, ас жеп отырғанда қастарына бір қойшы келіп, сәлем береді.

Абдуллаһ бин Омар:

– Ей, қойшы кел, дәмнен ауыз ти, - деді. Қойшы:

– Мен оразамын, аузым берік, - деп жауап қайырды. Ибн Омар:

– Осындай ыстық күнде қалай ораза ұстап жүрсің? Әрі осы халіңмен қой бағып жүрсің бе? - деді. Артынан қойшының тақуалығын сынамақ болып:

– Мына қойларыңның біреуін бізге сат. Ақшасын төлейміз. Ауыз ашқаныңа жетерлік ет те берейік. Бұған қалай қарайсың? - деп ұсыныс жасады.

Сонда қойшы:

– Бұлар менің қойым емес, қожайынымдікі, - деп жауап берді. Абдуллаһ ибн Омар (ради Аллау анһу):

– Жоғалып қалды деп айтасың, қожайының оны қайдан біледі дейсің? - деді. Қойшы жүзін көкке бұрды, сосын сұқ саусағын жоғары көтеріп:

– Сонда Алла қайда? - деді.

Ибн Омар (ради Аллау анһу) қойшының ихсан мен мұрақаба сезіміне қатты тәнті болды. Біраз ойланып тұрды. Өз-өзіне қойшы « Алла қайда деді?», қойшы « Алла қайда деді?» деп ішінен қойшының сөздерін қайталады.

Мәдинаға оралған соң қойшының қожайынына елші жіберіп, қойшы мен қойларын сатып алады. Сосын қойшыны азат етіп, қойларды оған тарту етеді (ибн Әсир, Усдул-ғаба ііі, 341).

Міне бұл – ихсан мен мұрақаба сезімдерінің кереметтігі және олардың осы дүниедегі берекеті мен тигізген пайдасы. Ал сонда ақыреттегі пайдасы қандай болмақ? Оны таразылау өзіңіздің еншіңізге қалсын.

Хазірет  Омар  (радиаллаһу  анһу)  халифалығы  тұсында  Хазірет Муғазды  Киләб  ұрпақтарының  тайпасына  жібереді.  Оның  атқаратын міндеті мемлекет қазынасынан тиісті орындарға өтелуі тиіс қаражаттарды өтеу, иелеріне берілуі керек малдарды беру, байлардан алынған зекеттерді кедейлер мен мұқтаждарға тарқату болатын. Муғаз  (радиаллаһу  анһу)  мойнына  алған  бұл  міндетті  тиісті дәрежеде орындап, адамдардың ықылас-ризалығына бөленіп, қызықты естеліктермен  кері  қайтып  келе  жатады.  Кері  қайтқанда  оның  дүние-малы ретінде бір мойын орағышы ғана қалады. Ол мойын орағышы ол жаққа бара жатқанда өзінде бар болатын. Бір жолы әйелі оған:

– Мұндай қызметтегі адамдар белгілі мөлшерде айлық алады. Үйлеріне сыйлық ала келеді. Ал сенің сыйлықтарың қайда? - дейді.

Муғаз (радиаллаһу анһу):

– Менімен бірге қасымнан еш айрылмайтын бір бақылаушы бар еді. Алған  әрбір  нәрсемді  және  берген  әрбір  нәрсемді  есептеп  тұрды,  -  деп жауап береді.

Әйелі ашуланып:

– Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кез келген нәрседе саған сенуші еді. Әбу Бәкір де солай болатын. Енді Омар келді де, сенімен бірге бақылаушы жіберіп, әрбір ісіңді қадағалап жүр ме? - деді.

Бұл  сөз  Хазірет  Омардың жұбайына  одан  Хазірет  Омарға  жетеді. Омар радиялаһу анһ Хазірет Муғазды шақыртып, ашуланып:

– Мен сенің артыңнан бақылаушы жібермесем де, бұлай дегенің қалай, ей Муғаз? Сен мені саған сенбейді деп ойлайсың ба? - деп сұрады.

Хазірет Муғаздың берген жауабы таңдай қақтырарлық керемет еді:

–  Уа,  Мүминдердің  әміршісі!  Жұбайыма  осыдан  басқа,  ақталар  сөз таба алмадым. Бақылаушы дегенде сіздің бақылауыңыз емес, Аллаһтың бақылауын  айттым.  игі  ниетпенен  істеген қызметімнің  сауабы  желге ұшып кетпеуі үшін рұқсат болса да өзіме ешнәрсе ала алмаймын.

Хазірет  Омар  оның  бұл  сөздерінен  не  демекші  болғанын  жақсы түсінді. Өйткені, Муғаз (радиаллаһу анһу) нәпсісіне және дүниеге тиісті нәрселерге көңіл тоқ кісі еді. Халифа оған ізет қылып, белгілі мөлшерде сый-сияпат тарту етті де:

– Мыналарды апарып, жұбайыңның көңілін аула! - деді. 

Риуаят  бойынша  иса  аләйһис-сәләм  алапес  ауруына  шалдыққан науқас бір адамды көреді. Ол кісі тәніндегі сырқаттан хабарсыз адамдай өз-өзіне:

– Уа, Раббым! Саған сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын! Мені адамдардың  көбіне  сынақ  етіп  жіберген  дерттен  құтқардың!..  -  деп сөйлеп жатыр еді.

Иса аләйһис-сәләм  әлгі  кісінің  таразылау  деңгейін,  әрі  рухани кемелдігін байқамақ болып оған:

– Ей, адам! Алла сені қандай дерттен құтқарып еді? - деді.

Науқас кісі:

– Уа, Рухуллаһ! Ең қатерлі дерт пен сынақ, ол - жүректің Аллаһтан ғапыл әрі мақрұм болуы. Мың да бір шүкір! Мен Алла Тағаламен бірге болудан ләззат алып, рақаттанудамын. Тап бір денемдегі сырқаттардан бейхабар жандаймын...

Қорыта айтқанда, ихсан мен мұрақаба иманның тап өзі, яғни жауһары болып табылады. Барлық ғибадаттар мен жақсы әрекеттерде болуы тиіс хұшуғ сезімі, шынайы ықылас, тақуалық сынды Алла танымының жемістеріне тек осы бір рухани жетілудің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Өйткені, Аллаты тап көзбен көріп тұрғандай күйде жасалған әрбір салих амал ықылас» атты бұтақтарға бүршік жардырып, «тақуалық» атты гүлдерді ашады және «хұшуғ» атты жеміс береді.

Ешкім көрмейтін жерлерде тура болу, адамдардың назарынан ұзақ мекендерде күнәлардан сақтану тек «Ол мені кез келген уақытта және барлық жерде көріп, бақылап тұрады!» деген сезімге ие болу арқылы ғана мүмкін болмақ. Сол себептен, тасаууф ілімі жалпы негіздері мен қағидаларында адам көңілін осындай халге жеткізуді мақсат тұтады. Аллатың уәли құлдары осы халге жету үшін бүкіл ғұмырларын ізденуші болып өткізген.

Олай болса, біздің міндетіміз – рухани деңгейімізді көтере отырып, Алла Тағаланың бақылауын әрдайым сезініп жүру. Сонымен қатар, мінез-құлқымызды ихсан мәртебесінің тамаша да жарқын үлгісі болған Хазірет Пайғамбардың (салл Аллау аләйһи уә сәлләм) жоғары қасиеттерімен таразылай отырып, тура бағыттан айнымау. «...Күмәнсіз ихсан иелеріне Аллатың рақымы өте жақын» (Ағраф сүресі, 56-аят).

"Өркениет шыңындағы жауһарлар" атты кітаптан.
"Хикмет" баспа үйі, Алматы-2010 ж.
Ықшамдап алынды..

0 пікір