Ғалымдар Есеп күнінің ақиқаттығын дәлелдеді
Ғалымдар Есеп күнінің ақиқаттығын дәлелдеді
5 жыл бұрын 4306

Бүгінде ғалымдар «ДНҚ бактериясына» ақпарат енгізу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Енгізілген ақпарат мыңдаған жылдар ДНҚ-да өз барлығын жоғалтпай, сақталып тұра береді екен.

Жаңа әдістің арқасында мамандар әлдебір ақпаратты, мәселен адамның клеткасына, тіпті судың молекуласына да енгізе алады. Яғни, қазіргі таңда ақпаратты адамның кез келген ағзасында сақтау мүмкіншілігі бар. Осылайша, Ұлық Жаратушы Алла біздің денеміздегі жасушаларын кез келген мәліметті сақтауға болатындай етіп жасап қойған.    

Бұның дәлелі ретінде, Қиямет күні, есеп-қисап болғанда адам ағзасының мүшелері өзіне қарсы куәлік беретіндігін айтсақ болады.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде бұған байланысты былай деген:

«Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады».  (Нұр сүресі, 24 аят).

"Бұл жаза Қиямет қайымда болады. Ол кезде ешқандай күнәдан жалтару мүмкін емес. Өйткені, тілдері, қолдары және аяқтары оларға қарсы әр жасаған күнәларына күәлік етеді. Бұл жағдай - аталмыш ағзаларда жасалған күнәлардың белгісі көрініп тұруы арқылы жүзеге асуы мүмкін, яки Алла Тағала аталмыш ағзаларға тіл бітіріп, сөйлеуге әмір етеді де, олар сөйлейді". («әл-Мүнтахаб» тәпсірі: Нұр, 24 аят тәпсірі).

Құранның осы аяты және қандай да бір ақпаратты адам ағзасының жасушаларында сақтауға болатындығын анықтаған соңғы ғылыми зерттеу нәтижелері – Қияметтегі есеп-қисап күнінің ақиқат екендігінің айғағы. Бұл, өз кезегінде, қиямет күнін жоққа шығарып, дененің бөліктері куә болып «сөйлейтінін» мойындамайтын барлық скептиктердің күмәндәрін теріске шығарды.  

Дереккөз: islam.ru
Аударған: Меруерт  Бақдәулетқызы

0 пікір