Бесіннен кейінгі 30 минуттық ұйқы неліктен пайдалы?
Бесіннен кейінгі 30 минуттық ұйқы неліктен пайдалы?
7 жыл бұрын 10566 mazhab.kz

Бақыттың кілті неде екенін білесіз бе? Ал күндізгі уақытта 30 минут ұйықтап алудың өміріңіз үшін пайдасы мол екенін ше? Күндізгі жарты сағаттық ұйқы көңіл-күйіңізді 66℅-ға дейін жақсартады.

Ғалымдар күндізгі 30 минуттық ұйқының адам денсаулығы үшін пайдасы мол екенін анықтады. «Қысқа уақыттық ұйқы шығармашылық белсенділігіңізді арттырады. Мұнымен қатар, ол бақытты болуыңызға септігін тигізеді», – дейді Хартфордшир университетінің профессоры Ричард Вайзман.

Алайда тым көп ұйқы кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті, жарты сағат уақытқа оятқыш қойып қою қажет. Эдинбургтегі Халықаралық Ғылыми Фестиваль өткізген зерттеуге 1 000-нан астам адам қатысты. Зерттеуден кейін, жарты сағат ұйықтағандардың 66℅-ы өздерін жақсы сезініп тұрғандарын айтқан. 18-30 жас аралығындағы қатысушылардың 43℅-ы көбірек ұйықтауға тырысқан екен.

Жұмыс арасында ұйықтап алу арқылы белсенділікті бірнеше есе арттыруға болады. Ben & Jerry, Google сынды алпауыт компаниялар қызметкерлеріне арнап кеңсеге жатын орындар жасаған», – дейді профессор Вайзман.

Күндізгі ұйқының уақыты созылып кеткен жағдайда адамның жүрегі ауыратын болады.

Ал күндіз түскі астан соң сәл ғана мызғап алу Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннеті екенін де білетін боларсыздар.

 

2 пікір