Атмосфера
Атмосфера
3 жыл бұрын 3336

Бертін кездерге дейін жылылық дәрежесі ыңғайлы болған әр планетада өмір сүруге болатындығы айтылып жүрген еді. Алайда, зерттеулердің нәтижесінде әр планета үшін ең қиын мәселе атмосфераға ие болу екендігі айқындалды. Өйткені, планеталар мен атмосфера арасында шексіз дәрежеде қайшылық бар. Атмосфера жерді қоршап тұрған газ қабатындағы атомдар деген сөз. Алып планеталар бұл атомдарды өзіне тартып алады. Ал, кішкентай планеталардағы тартылыстың күші бұл атомдарды өзіне тарта алмайды. Сондықтан атомдар құраған бұл газ үйіндісі олардан ұшып кетеді. Яғни, планета мен атпосфераның өздігінен бір араға келуі мүмкін емес.

Құран Кәрімнің мына бір аятында осыған ишара етілген секілді:

«...Аспан мен жерге: «Ерікті, еріксіз түрде келіңдер!» деп пәрмен қылды. Екеуі де: «Ерікті түрде келдік» деп үн қатты». («Фуссиләт» сүресі, 11 аят).

«Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт!» («Ториқ» сүресі, 11 аят).

«Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе қылды...» («Бақара» сүресі, 22 аят).

Атмосфераның пайда болуы үшін молекулалардың қозғалысы мен жердің тартылыс күші тепе-тең болуға тиіс. Екіншіден, атмосфераның жылуы мен жердің тартылыс күші тепе-тең болуға тиіс. Сондай-ақ, ғарыштағы түрліше деңгейдегі энергиялар бұл үйлесімділікті бұзбауға тиіс. Бұл болса, әсте мүмкін емес дегізетіндей тым қиын жағдай. Бәлкім ғарыштағы планеталардың мұндай жағдайға қол жетізуі миллиарттан бір пайыздан да төмен жағдай. Алла Тағала арнайы бұйрығымен адамның ақылы, күші жетпейтін дәрежеде белгілі бір деңгей мен тепе-теңдік орнатып, пенделеріне аса көркем өмір сыйлаған[1].


[1] О.Н.Топбаш: «Рахмет самалы және Құран мұғжизасы».                     
                      
       

0 пікір