Үйіне ұры түскен адам (оқиға)
Үйіне ұры түскен адам (оқиға)
7 жыл бұрын 4489

Бір кісінің үйіне түнде ұрылар басып кіріп, бүкіл заттарын алып кетіпті. Бірақ ұрылар кетіп бара жатып үй егесінен «егер сіздердің біреуіңізді танып ұстап берер болсам, әйелім үш талақпен талақ болсын» деген уәдесін алып кетеді. Таң атқаннан кейін не істерін білмеген үй егесі Әбу Ханифамен кеңесуді жөн көреді. Әбу Ханифаға келіп болған жайды баяндап береді. Сонда Ұлық Имам оған жергілікті мешіт имамын, оның азаншысын және шыншыл кісілерді жина деп бұйырады. Айтқан кісілері жиналғаннан кейін Имам Ағзам Әбу Ханифа оларға:

- Мына кісінің заттарын Алланың қалауымен қайтарғыларың келеді ме? - деп сұрайды. Олар:

- Иә, қайтарғымыз келеді - деп жауап береді. Әбу Ханифа оларға:

- Олай болса, күмәнді адамдардың бәрін үйге ме, әлде мешітке ме жинаңдар да, бір-бірлеп қайта сыртқа шығарыңдар. Әр шығарған сайын жапа шегушіден: «Мынау ма, ұры?» деп сұраңдар. Егер шыққан кісі ұры болмаса «жоқ» деп жауап берсін. Ұры сол болса, ләм-мим деп тіл қатпасын. Тіл қатпаған адамын ұстаңдар!», - деп бұйырады.

Олар Әбу Ханифаның айтқанын екі етпей орындап, бейшара жапа шегушінің бүкіл ұрланған заттарын қайтарып берген екен. 

0 пікір