Сабыншы мен діндардың айтысы (ғибрат)
Сабыншы мен діндардың айтысы (ғибрат)
7 күн бұрын 1589
Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
– Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?!
 
 Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да:
– Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? - деп уәж айтады.
Сабыншы дереу қарсы шығып:
– Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?
– Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзілген болар еді, - деп діндар жауап қатады. 
 
Иманды Қазағым, www.facebook.com парақшасынан.
0 пікір