Сабаққа деген жауапкершіліктен осылай жасады
Сабаққа деген жауапкершіліктен осылай жасады
9 жыл бұрын 4067

Ертеде бір ғалым кісі медреседе сабақ өтіп отырады. Бірақ шәкірттері ұстаздың көңілі жабырқау екенін байқап, себебін сұрайды. «Кешіріңдер, – дейді ұстазы: – Үйден шығардан сәл бұрын қызым қайтыс болды. Кебіндеу жұмыстарын атқармақ болғанымда, ойыма сабаққа баруым керектігі, мені күтіп отырған балалар бар екендігі түсті. О дүниеде балаларға неге бармадың десе, не бетімді айтам деп, жаназаны үйге қойдым да, сабақ өтуге осында келдім. Арасында еріксіз көңілім соған бөлініп кетіп жатыр».

 

Насихат

Сахабалардың бірі келіп:

– Я, Расулалла! Не жылай алмаймын, не күле алмаймын, жүрегім біртүрлі тас боп қатайып кеткендей. Не істесем болады? – деп ақыл сұрапты.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Бір жетімнің басынан сипа. Ішіңнен жылылық сезесің, – деп насихат айтыпты.

2 пікір