АЯЛДАМА..!
АЯЛДАМА..!
10 жыл бұрын 6013 www.facebook.com www.voxpopuli.kz
Ринат Ташенов

Мен таңертең автобусқа міндім. Түсетін аялдамам "бақыт"-деп аталады..

Алғаш мінгендіктен көлік жүргізушісіне ескерттім аялдамамды.

Кетіп барамыз..!
-"Балалық" аялдамасы. 
Жооо.. мұнда көп қызықтарым қалған..! Бірақ бұл емес.! Сондада сағынышпен әйнектен сол аялдамаға қарап өттім..!

- "Қыз-жігіт" аялдамасы...
Шынымды айтсам... бұл аялдамаға талайлармен келгем..бірақ ұмытып та кеттіппін..!

-"Намаз" аядамасы..!
Ааа... бұл аялдаманы айтатындар көп.. бірақ дәл тауып барғандар аз..!

-"Махаббат" аялдамасы..!
Ооо...міне осында қалып кеткім келеді. Бірақ маған "Бақыт" аялдамасы қажет қой.!

-"Қызғаныш" аялдамасы...
Йаа..мұнда талай қызықтар мен қорқынышты оқиғалар болды...келгенді қаламас едім қайтадан..!

-"Мешіт" аялдамасы...
Өте таза аялдама, бірақ уақытым жоқ түсіп қалуға..! Жүрегім таза, бұл аялдаманың маған қазір керегі жоқ..!
Қызық тек орамал орап алған қыздардың ең көп түсетін аялдамасы..!

-Оооо "Клуб" аялдамасы..
Әттең, әтең түскім-ақ келіп тұр...

-"Намаз" аялдамасы...
Тағы ма..?

-"Сабыр" аялдамасы..!
Хмм...қазір емес.!

-"Байлық," "Тәкәппарлық" аялдамаларында көп түсіп қалғанмын кезінде..

-Ааа.. автобуста адам қалмады ма? 
Жүргізушінің алдына жетіп бардым. "Бақыт" аялдамасы қайда?

-Қарындасым-ау..! 
Ол үшін сіз "Намаз" "Мешіт" аялдамаларында түсіп қалуыңыз қажет еді..! 
Біз енді артқа қайта алмаймыз.. автобус мәңгілікке бұзылып қалды.

-Ме...меен..артқа қайтайықшы....өтінем..!...

Бауырым, қай аялдамадан түсеріңді біліп ал...! 
Өкініп қалма..!

1 пікір