Неден қорқамын..?
Неден қорқамын..?
10 жыл бұрын 5776
Нұрболат Аманжол

Жар болғым келмейді. Үйленуден қорқамын. Үйленуден қорықпаймын-ау, үй салудан қорқамын. Үй салудан да қорықпаймын-ау, үй болудан қорқамын...

Әке болғым келмейді. Балалы болудан қорқамын. Балалы болудан қорықпаймын-ау, тәрбиесінен қорқамын. Тәрбиесінен да қорықпаймын-ау, нәтижесінен қорқамын...

Ақын болғым келмейді. Атағынан қорқамын. Атағынан қорықпаймын-ау, шарабынан қорқамын. Шарабынан да қорықпаймын-ау, Алланың ақынға қояр сұрағынан қорқамын...

Әкім болғым келмейді. Қаласынан қорқамын. Қаласынан қорықпаймын-ау, жабар жаласынан қорқамын. Жаласынан да қорықпаймын-ау, мойынға жүктер халықтың наласынан қорқамын...

Ғалым болғым келмейді. Атынан қорқамын. Атынан қорықпаймын-ау, хатынан қорқамын. Хатынан да қорықпаймын-ау, ғылымға қосар затынан қорқамын...

Адам болғым келмейді. Бар ісінен қорқамын. Бар ісінен қорықпаймын-ау, кінәсінен қорқамын. Кінәсінен де қорықпаймын-ау, пәни дүниеде жасайтын күнәсінен қорқамын...

Кім болғым келеді?..

Аллаға сүйген құл болғым келеді...

3 пікір
  • МашаАллах.
    10 жыл бұрын
  • Сыйың бар екі сипатты

    Ата баба мирасы,
    Дүние байлық ақшасы
    Кейбіреуге сый болып,
    Сыналмақ жанның парасы.
    Ал кедейге нәсілдік,
    Рухани сый мирасы,
    Текті ұрпақтың жаны боп,
    Болады ұлттың ағасы.
    Рухани байлық қазына,
    Таусылмас мұра ұқанға.
    Кім алса бұл байлықты,
    Жазылар мәңгі тағдырға.
    Тұрғыны болып жаннатың,
    Алады сыйын жанына
    Өсірмек жерде қазына.
    Екі сый бар бұл жалғанда,
    Дүниемен әлде рухыңа
    Қызығын алсаң дүниенің,
    Басқасына қол созба.
    Атадан қалаған аманат,
    Үш байлық бар ұлтыңа.
    Денсаулық болар естілік,
    Ақ жаулықпен жаныңа.
    Он саулықты меңгеру,
    Сый болар тақуа құлына.
    Әулие болмақ қайда деп,
    Ер болсаң онда жасыма.
    Ұрпағың Бәйдібек бабаңдай,
    Таралсын десең артыңда,
    Дәстүрін қазақ ұстанып,
    Исламды ал ұлтық салтыңа
    Қанағатпен шүкір тастамай,
    Бірлікке арнап еңбек ет,
    Кешіріммен қарап жауыңа
    Құдайға барды тапсыр да
    Шақырып уахи растыққа
    Махаббатпен қара әлем халқына.
    *** ****
    10 жыл бұрын

  • Jazu stili erekwe. Makalalarindi kutemiz!
    10 жыл бұрын