«Күллі әлемді жаратқан, Ең алдымен Алланы айт...» Бұхар Жырау
«Күллі әлемді жаратқан, Ең алдымен Алланы айт...» Бұхар Жырау
11 ай бұрын 5717

Күллі әлемді жаратқан,

Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы Тәңірді айт.
Төрт шәдияр Мұстафа
Кітап ашқан ғалымды айт.
Мұхамметтің аяты,
Алла сөзі Құранды айт.
Пайғамбардың сүндеті
Бес уақытқы намазды айт.
Тәңірім салса аузыңа
Жан жолдасың иманды айт.
Жамандыққа жақсылық
Еткен таза арыңды айт.
Қара қылды қақ жарған
Наушәруандай әділді айт.
Арзы менен күрзіні айт1,
Лауқа менен каламды айт2.
Құдіретімен жаралған,
Он сегіз мың ғаламды айт.
Ақтан сия танытқан,
Дәуіт пенен қаламды айт.
Сөйлеу үшін жаратқан,
Сөз анасы сәлемді айт.
Тірліктегі сыйласқан,
Ата менен анаңды айт.
Адам үшін жарасқан,
Қызықты нәубет балаңды айт.
Өлгеннен соң жер жұтқан,
Қараң қалар денеңді айт.


1  Арш - Құранда айтылған Алланың аршы. Күрзі (Курси) - Аятуль курсида айтылатын «Курси» сөзі, курси орындық, тақ дегенді ұғындырады.
2  Лауха - Ләухуль махфуз, тағдыр тақтайшасы.

0 пікір