Абайды дұрыс зерделейік
Абайды дұрыс зерделейік
4 ай бұрын 2949
Ғарифолла Есім, профессор, доктор.

«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылы 4 желтоқсандағы бір бетті толтырған «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаласын Тұрсын Жұртбай мен Сұлтан Ыбырай былайша қорытындылайды: «Ендігі жерде абайтану ілімінің жаңа арнасы Фридрих Бенкеден өріс алатыны анық». Біздіңше, бұл – миллиондаған қазақ оқырманын Абай жолынан адастыру.

Тұрсын мырза, сонда абайтану ілімінің жаңа арнасы Бенкеге тәуелді болғаны ма? Бұл – масқара тұжырым. Қолында Құраны бар мұсылман, ойшыл Абайды мүлдем жат дін танымы мен түсінігіндегі Бенкеге тәуелді ету сау ақылға сия ма?

Эдуард Бенкені былай қойғанда, Шәкә­рім қажы «Үш анық» деген еңбегінде «Батыс­та адасу Пифагордан басталған» деген тұжы­рымға келген.

Эдуард Бенке заманы – Еуропаның адасу заманы. Сіздер Освальд Шпенглердің «Еуропаның құлдырауы» (Закат Европы) деген еңбегімен таныссыздар ма?

Хакім Абай өзінің ізденіс арнасын тап­қанын білмеуші ме едіңіздер?

Он үш жасар Абай:

Физули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдауси,

Қожа Хафиз – бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири фәрияд, – демеп пе еді?

Бүгінгі тек-тамырымыз бен бағыт-бағ­да­рымыз айқындалған кезеңде «Абай ілімінің жаңа арнасы Еуропада, христиан әлемінде» деу нендей түсінікке, ұғымға жатады?

Енді «абайтану ілімінің жаңа арнасы Эдуард Бенкеден басталады» деп, Абайды білместерді адастырып, ұлт даналығын білгілеріңіз келмегендігін жария етіп отырсыздар.

Христиан ілімінің насихатшысы Эдуард Бенке кім? Мұсылман әлемінің ғұламасы Абай кім?

«Egemen Qazaqstan» басылымы пікір­талас аясында болсын осындай білместік сөзді жариялаудан сақтанса екен.

P.S. Жан – Жаратушының құпиясы, әрі қазынасы. Жанды беруші де, алушы да – Алла Тағала. Еуропада жан туралы ешқашанда дұрыс бағытта тұжырым болған емес. Болмайды да. Себебі Еуропа – күрделі, айқыш-ұйқыш әлем. «Үш анықта» Жан туралы Шәкәрім нақты айтқан. Қайта оқыңыздар!

Тұрсын мырза, сіз философияның нен­дей білім саласы екенінен хабарсыз екен­сіз. Айтайын, философия – Еуропада қалып­тас­қан материалистік, атеистік білім саласы.

Абай философияны білген, бірақ мойын­дамаған. Абай – хакім. Абай – ойшыл, дін жолындағы – мұсылман. 

Дереккөз: egemen.kz/

 

 

0 пікір