Имам Ғазали. Үшінші насихат.
Имам Ғазали. Үшінші насихат.
9 сағаттан соң 27 islam.kz/

Үшінші насихат

Алла Тағала Құдси хадисте былай дейді:

«Уа, Адам баласы! Барыңа қанағат қыл – бай боласың. \

Іштарлықты таста – жаның жай табады,

Харамнан аулақ бол – ділің таза болады.

Кім өзгені ғайбаттауды қойса – оған Менің сүйіспеншілігім бұйырады.

Кім адамдардан (жаман ортадан) алыс жүрсе – елдің кесірінен аман болады.

Кімнің сөзі аз болса – ақылы толысады,

Кім азға разы болса – Алла Тағалаға кәміл сенім артқаны.

Уа, Адам баласы! Өзің білетін ілімге амал етпей тұрып, білмейтін ілімді қалайша талап етпексің?

Уа, Адам баласы! Дүние ісіне келгенде ертең өлмейтндей құлшынасың және мал-мүлікті мәңгі жасардай жинайсың.

Ей, Дүние! Өзіңе ынтық болған дүниеқоңызды мақұрым қалдыр да, өзіңнен жүзін бұрған тақуаны іздеп тап! Қарайтындардың көзіне сүйкімді болып көрін!» депті Алла Тағала1.

1Имам Ғазали: «Құдси хадистерден уағыздар».

0 пікір